Ақша ұсынысы (M
S
) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша
көлемі. Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің
талап еткенге дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша
ұсынысын M
1
ақша агрегаты деп қарастыруға болады:
M
S
= C + D.
Екінші деңгейлі банктер депозиттерінің бір бөлігін ғана
резерв түрінде сақтайды, ал қалған бөлігін несиелер түрінде
қарыз беру үшін жəне активті операциялар жүргізу үшін пайда-
ланады. Басқа қаржылық институттарға қарағанда, банктер ақша
ұсынысын өсіре алады. Ақша ұсынысын өсіру банктік немесе
несиелік (депозиттік) мультипликаторын іске қосу арқылы жүзеге
асырылады. Банктік мультипликатор – екінші деңгейлі банктер
жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі.
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозиттің
пайда болуы нəтижесінде туындайды:
Достарыңызбен бөлісу: |