207
Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады. Оукен заңы игіліктер
нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сипат-
тайды. Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:
Y* – Y / Y* = γ (u – u
*
),
мұндағы, Y* - толық жұмысбастылық жағдайындағы өндіріс-
тің əлеуетті көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u –
жұмыссыздықтың нақты деңгейі; u
*
- жұмыссыздықтың табиғи
деңгейі; γ – Оукен коэффициенті. Осының нəтижесінде өндіріс
көлемінің жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тəуелді екендігін
байқауға болады.
Келтірілген формула бойынша өндіріс көлемінің жұмыссыз-
дықтың нақты деңгейіне тəуелділігін график түрінде көрсетуге
болады (9.1-сурет).
Толық жұмысбастылық жағдайында өндіріс көлемі Y
*
-ға,
ал жұмыссыздықтың деңгейі u
*
-ға тең. Егер жұмысбастылық
төмендесе, онда өндіріс көлемі Y
1
-ге, ал жұмыссыздық деңгейі
u
1
-ге дейін қысқарады. Сəйкесінше, А нүктесі де, В нүктесі де Оу-
кен қисығының бойында жатыр. Осыған қарап біз өндіріс көлемі
мен жұмыссыздық деңгейінің арасында кері байланыс бар екенін
байқаймыз.
Оукен қисығы – бұл ұлттық өндіріс көлемі мен жұмыс-
сыздықтың нақты деңгейі арасындағы кері тəуелділікті сипаттай-
тын Оукен заңының графикалық көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |