Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл
жұмысты жоғалтудың психологиялық, əлеуметтік жəне саяси
салдарлары.
Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табыс-
ты немесе табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық та быс -
тың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті жо-
ғалтудан (əсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді жəне
сондықтан болашақта жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын
табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.
Жұмыссыздықтың осындай экономикалық жəне экономи-
калық емес зардаптарының болуы, еңбек нарығына мемлекеттің
араласуын əрдайым талап етеді. Мемлекет еңбек нарығын рет-
теуде мақсатты бағытталған саналы түрдегі экономикалық сая-
сатты жүргізеді. Ол ұлттық деңгейде еңбек қатынастарын (жұмыс
күнінің ұзақтылығы, жұмысқа жалдау жəне жұмыстан босату
тəртібі, еңбек қауіпсіздігі, ең төменгі жалақы деңгейі, демалыс
күндерін жəне еңбек демалыстарын ұйымдастыру жəне т.б.)
реттейтін заңдылық жүйесін əзірлейді.
209
Еңбек нарығын реттеудің негізгі мақсаттарына мыналар жа-
тады:
−
толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, бұл жерде жұ-
мыссыздықтың «табиғи» деңгейін сақтай отырып, циклдік жұ-
мыс сыздықты болдырмау;
−
экономикалық дамудың ішкі жəне сыртқы өзгерістеріне тез
бейімделе алатын «икемді еңбек нарығын» қалыптастыру, бұл
жерде жұмыс істеуге ынталы əрбір азамат өзінің қабілетіне қарай
жұмыс орнын таба алуы тиіс.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай бағыт-
тарын атауға болады:
1. Еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын арттыруды
ынталандыру жəне мемлекеттік секторда жұмыс орындарының
санын ұлғайту бойынша бағдарламалар.
2. Жұмыскерлерді даярлау жəне қайта даярлау бойынша бағ-
дарламалар.
3. Жұмыскерлерді жалдауға қолдау көрсету бойынша бағдар-
ламалар.
4. Жұмыссыздықты əлеуметтік сақтандыру бойынша бағ дар-
ламалар (жұмыссыздық бойынша жəрдемақылар).
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің алғашқы үш бағытында
мемлекеттің саясаты белсенді, ал соңғы төртінші бағытында
мемлекеттің саясаты енжар болып табылады.
Белсенді саясат əрқашанда толық жұмысбстылыққа қол жет-
кізуге бағытталады жəне дамыған елдерде еңбек нарығының ба-
сым бағыттарына жатады.
Белсенді саясат кезінде атқарылатын іс-шаралар:
−
экономикаға инвестициялардың құйылуын мемлекеттік
ын таландыру, бұл шара жаңа жұмыс орындарының ашылуына
көмектеседі;
−
құрылымдық жұмыссыздыққа тап болғандарды қайта оқыту
жəне олардың өз біліктілігін арттыруына жағдай жасау;
−
еңбекпен қамту орталықтарын, еңбек биржаларын ашу
жəне оларды дамыту, бұл шара фрикциондық жəне құрылымдық
жұмыссыздықты төмендету мақсатында бос жұмыс орындары
туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды;
−
жеке немесе отбасылық бизнесті қолдау, бұл шара дамыған
14–533
210
елдерде халықты жұмыспен қамтудың аса маңызды əдісі болып
саналады;
−
жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтары-
на жұмыс берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін,
мемлекеттің салықтық жəне заңдық шаралар арқылы ынталан-
дыру;
−
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
−
жұмыс табу үшін қажет болғанда тұрғылықты мекенжа-
йын ауыстыруына көмектесу;
−
халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмыс-
бастылық мəселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шара-
ларын жүргізу;
−
білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қоғам-
дық ғимараттарды тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салала-
рында жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз
қалғандарды мемлекеттік қолдау жəне оларды əлеуметтік қорғау
шараларын жасайды. Мұндай жағдайда жұмыссыз азаматтарға
келесідей кепілдемелер беріледі:
−
материалдық көмек, жəрдемақылар жəне басқа да əлеумет-
тік төлемдер түрінде əлеуметтік қолдауды іске асыру;
−
тегін медициналық қызмет көрсету.
Дамыған едерде жұмыссыздарға қаржылай көмек беру жұ-
мыс сыздық бойынша сақтандыру жүйесі негізінде жүзеге асы-
рылады жəне сол арқылы жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі
шығындарын қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталып өткендей, еңбек нарығын реттеуде маңызды
орынды еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кету-
ге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |