«NAIRU» (Non-Accelerations-Infl iacion Rate of Unemploy-
ment) түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыс-
сыз
дықтың деңгейі немесе инфляцияны тұрақтандыратын жұ-
мыссыз дықтың қалыпты деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи дең-
гейін ресми бағалау алғаш рет АҚШ-та 1960-жылдары жүр-
гізілді жəне оның шамасы 4%-ды құрады. Кейіннен Р. Рейган, Б.
Клинтон жəне Дж. Буш əкімшіліктерінің орын алған саясатта-
ры нəтижесінде оның шамасы 6,5%-ға дейін өзгерді. Дегенмен,
жоғарыда аталып өткендей, көптеген экономистердің айтуынша,
əртүрлі елдерде жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің шамасы
тəжірибе жүзінде 7%-дан 20%-ға дейінгі аралықта жүруі мүмкін.
Жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара байла
-
ныс Оукен заңы деп аталады. Оукен заңына сəйкес жұмыс сыз-
дықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1%-ға өссе, онда
нақты ЖІӨ деңгейі əлеуетті ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%-ға қысқарады.
|