Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет274/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

10.1-кесте.  Қазақстандағы инфляция қарқыны (кезең соңына, 

өткен жылғы желтоқсанға пайызбен, өсуі)

1991ж. – 147,1

1995ж. – 60,3

1999ж. – 17,8

2003ж. – 6,8

2007ж. – 18,8

1992ж. – 2960,8

1996ж. – 28,7

2000ж. – 9,8

2004ж. – 6,7

2008ж. – 9,5

1993ж. – 2165,0

1997ж. – 11,2

2001ж. – 6,4

2005ж. – 7,5

2009ж. – 6,2

1994ж. – 1158,3

1998ж. – 1,9

2002ж. – 6,6

2006ж. – 8,4

2010ж. – 7,8

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі, www.stat.kz



5.  Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімде-

луіне байланысты, инфляция баланстанған (теңдестірілген) жə-

не баланстандырылмаған (теңдестірілмеген) болып бөлінеді. 



6.  Мемлекеттің инфляциялық процеске əсер ету қабілетіне 

байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған жəне бақылауға 

көнбейтін болып бөлінеді.

7. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономика-

да сұраныстың өскен жағдайында ақиқат жəне жалған инфля-

ция орын алады. 

8.  Бағаның болашақтағы өсу қарқыны жəне оған үйлесім-

ді бейімделу дəрежесі туралы болжамның дəлме-дəл болуына-

болмауына байланысты,  болжауға болатын жəне болжауға 

келмейтін инфляция болып бөлінеді.

9.  Инфляциялық процесті тудыратын жəне оған дем бере-

тін факторларға байланысты  «сұраныс» инфляциясы жəне 

«шығындар» инфляциясы болады.



230

«Сұраныс» инфляциясы – бұл өндірістің нақты көлеміне 

қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын 

жəне сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. 

Инфляцияның бұл түрі алғаш рет кейнстік талдау шеңберінде 

зерттелген болатын.     

Сұраныс инфляциясының пайда болуы монетарлық жəне 

монетарлық емес факторларға байланысты туындайды.

Сұраныс инфляциясының монетарлық факторлары:

• 

ақша айналымы жылдамдығының тұрақтылығы кезінде өн-



діріс көлемінің өсуіне қарағанда атаулы ақша массасының өсуі;

• 

экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдерінен 



туындайтын ақша айналымы жылдамдығының артуы.

Сұраныс инфляциясының монетарлық емес факторлары:

• 

экономикалық субъектілердің жиынтық шығындарының 



өзгеруі (үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарының, фир-

малардың жоспарланған инвестицияларының, мемлекеттік шы-

ғындар мен таза экспорттың өзгеруі);

• 

жиынтық сұраныстағы құрылымдық өзгерістер.



Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген əсері 

қазіргі экономиканың AS қисығының қай кесіндісінде тұрған-

дығына байланысты (10.1-сурет):

• 

экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сəйкес 



келетін көлденең (кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың 

ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық 

ұсыныстың жəне өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі 

қолданылмаған өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асы-

рылады);

• 

аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю 



салдары бағалардың өсуін жəне өндіріс көлемінің артуын туын-

датады;


• 

экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сəйкес 

келетін тік (классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың 

ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық 

ұсыныстың жəне өндірістің көлемі өзгермейді.

       





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет