Жан басына шаққандағы ЖІӨ – елдер арасындағы эко-
номикалық өсуді жəне экономикалық жағдайларды салыстыру
үшін қолданылатын өсуді нақты өлшей алатын əдіс.
12.2-кесте. Қазақстандағы жан басына шаққандағы
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) қарқыны, 1991-2010 жж.
Жыл-
дар
Жан басына
шаққандағы
ЖІӨ,
теңгемен
1)
Жан басына
шаққандағы
ЖІӨ, доллар-
мен
2) 3)
Жыл-
дар
Жан басына
шаққандағы
ЖІӨ,
теңгемен
Жан басына
шаққандағы
ЖІӨ, дол-
лармен
1991
5 234,0
-
2001
218 772,4
1 490,9
1992
74 072,8
-
2002
254 141,6
1 658,0
1993
1 796,2
696,2
2003
309 341,3
2 068,1
1994
26 227,9
735,9
2004
391 003,8
2 874,2
1995
64 123,3
1 052,1
2005
501 127,5
3 771,3
1996
90 880,0
1 350,4
2006
667 211,6
5 291,6
1997
109 045,2
1 445,5
2007
829 865,3
6 771,6
1998
115 001,7
1 468,7
2008
1 024 175,1
8 513,5
1999
135 075,4
1 130,1
2009
1 070 472,0
7 257,4
2000
174 682,0
1 229,0
2010
1 326 771,2
9 004,2
1)
- 1990-1992 жылдары - рубль, 1993 жылдан бастап - теңге
2)
- АҚШ долларында жан басына шаққанда ЖІӨ есептеу 1993 жыл-
дан бастап жүргізіліп келеді
3)
- АҚШ долларына аудару барысында ҚР Ұлттық Банкінің деректері
бойынша орташа жылдық валюта бағамы қолданылады
Мемлекет басшысы Н. Ə. Назарбаевтың ел Үкіметіне жүкте-
ген міндеттеріне сəйкес, 2011-2015 жылдар аралығында еліміздің
экономикалық өсу қарқыны орташа есеппен 7%-ды құрап, жан
басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың АҚШ долларына жетуі тиіс.
287
12.3-кесте. 2011-2015 жылдарға экономикалық өсу қарқынының
болжамы
Жылдар
Нақты ЖІӨ, пайыздық өсім
2011
7,0
2012
6,9
2013
6,5
2014
7,1
2015
7,4
Дерек көзі: www.minplan.kz
Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді:
1. Нақты экономикалық өсу – бұл статистикалық орган-
дардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе бас-
қадай макро-экономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шы-
найы түрде өсуі.
2. Əлеуетті экономикалық өсу – бұл экономиканың белгілі
бір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен
дəрежесі. Бұл өсуді қамтамасыз ете алатын факторларға мы-
налар жатады: а) еңбек, капитал жəне жер сияқты ресурстар ды
арттыру; ə) технологиялық прогресстің көмегімен, өндірістің
ұйымдастырылуын жақсарту немесе жұмыс күшінің білікті лігін
арттыру есебінен осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін
арттыру.
Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі
бар:
Достарыңызбен бөлісу: |