лыстырмалы артықшылықтар теориясын ұсынды. Ол өзінің
«Принципы политической экономии» атты еңбегінде, егер екі
елдің біреуі абсолютті артықшылыққа ие болмаса, онда елдер
арасында сауданың қалай мүмкін болатындығын дəлелдеген.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы – қандай да
бір ел мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекет-
пен салыстырғанда баламалы (салыстырмалы) шығындары аз бо-
латындай етіп жүзеге асыруы керек. Сонда жалпы өнім де жоғары
деңгейде болады.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясында сыртқы сау-
даның шарты абсолюттік шығындар айырмашылығы болуы мін-
детті еместігін жəне абсолюттік артықшылық болмаса да сыртқы
сауданың тиімді екенін пайымдады.
Д. Рикардоның ойынша, елдер салыстырмалы арзан тауарлар-
ды сыртқа шығарып (экспорттап), ал өз еліне қарағанда шетел-
дерде аз шығын кететін тауарларды əкелуі тиіс. Əр ел басқа елге
қарағанда, абсолюттік шығындары жоғары болса да салыстыр-
малы шығындары төмен өнімдер өндіруге мамандануы керек.
Оның мысалында екі ел қарастырылады – Англия мен Португа-
лия. Айталық, осы елдерде екі ғана тауар өндіріледі – шарап жəне
мата. Бұдан басқа, Рикардоның үлгісінде жалғыз өндіріс факторы
– еңбек қана қолданылады, сондықтан тауар өндіру шығындары
еңбек шығындарымен (еңбектің адам-сағатымен) өлшенеді. Са-
лыстырмалы артықшылықтар принципі 14.1-кестесінде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |