Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет402/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   525
1 т. бидай = 1,5 т. мақта сауда шартын көрсетеді.

14.2, а-суретінің графигіндегі ордината осінде Қазақстанның 

маманданған тауар (бидай) өндірісінің көлемі көрсетілген, ал аб-

сциссада – импортталатын тауар (мақта) саны берілген. Керісін-

ше, 14.2, ə-суретінің графигіндегі ордината осінде Өзбекстанның 

Қазақстаннан импорттайтын бидай көлемі, ал абсцисса осінде 

 – Қазақстанға экспорттайтын мақтаның көлемі көрсетілген. Екі 



339

елдің ӨМҚ-ң кез келген екі нүктесін алуға болады, мысалы, Қ 

жəне Ө нүктелері. Əрбір ел үшін Қ* жəне Ө* нүктелеріне сəйкес 

келетін сауда мүмкіндіктерінің аса жоғары сызығына өту мынаны 

көрсетеді: əрбір ел сыртқы сауданың нəтижесінде бидайдың да 

жəне мақтаның да көп мөлшерін тұтына алады, яғни екі елдің бұл 

жерде əл-ауқаттылығы артып Парето-оптимум орнайды. Сөйтіп, 

екі ел де сыртқы саудадан тиімділік көреді.

Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясында 

еңбек сияқты жалғыз ғана фактордың өнімділігі арқылы сыртқы 

сауданың тиімділігі қарастырылады. Алайда, əртүрлі елдерде 

еңбектің беретін өнімділігі əртүрлі болады, одан басқа, əртүрлі 

тауарлар өндірісінде өндіріс факторларының басқа да түрлері 

жəне олардың алуан түрлі үйлесімділіктерде қолданылатын-

дығы белгілі. Сондықтан, уақыт өте келе, Рикардо теориясының 

алғышарттарын кеңейтуге жəне осы үлгіні ары қарай дамытуға 

аса жақсы мүмкіндіктер туа бастады.

Қазіргі батыс экономистері (неоклассикалық теория өкілдері) 

Д. Рикардоның халықаралық сауда теориясын одан ары дамы-

тып жетілдірді. Бұл бағыттағы теорияның дамуына зор үлес 

қосқан швед ғалымдары Эли Хекшер жəне оның шəкірті, Нобель 

сыйлығының лауреаты Бертиль Олин, сондай-ақ, американдық 

ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Пол Самуэльсон (Хекшер-

Олин үлгісін математикалық түрде экономикалық тəжірибеге 

бейімдеп берді) болды. Сондықтан аталмыш үлгіні батыста 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет