Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Мемлекеттің протекционистік саясаты



Pdf көрінісі
бет410/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   525
Мемлекеттің протекционистік саясаты – бұл ұлттық эко-

номиканы шетелдік бəсекелестіктен қорғау мақсатында жүргізе-

тін белсенді экономикалық саясаты. Протекционизмді кезінде 

Ф. Лист, Дж. С. Милль, И. Посошков жəне Дж. Кейнс сияқты 

ғалымдар қолдады.

2. Фритредерлік (ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) 

саясат – ішкі рынокқа шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді 

қолдайтын мемлекеттің еркін сауда саясаты. Фритредерлік ХVІІІ 

ғасырда Ұлыбританияда пайда болды. Еркін сауданы бірінші бо-

лып жақтаған Н. Барбон болды, кейіннен А. Смит, Д. Рикардо, 

А. Маршалл ашық қолдады.

Еркін сауданы жақтаушылардың аргументтері:

1. Фритредерлік еркін саудаға қатысушы елдердің тұрмыс 

деңгейі мен сапасын көтереді.

2. Фритредерлік бəсекенің дамуына жағдайлар жасап, отан-

дық өндірушілердің жаңа, сапалы тауарлар өндіруге ынтасын 

көтереді.

3. Фритредерлік жаңа рыноктардың дамуына мүмкіндік туды-

рады.

4. Фритредерлік өндірістік ресурстардың елдер арасында оң-



тайлы бөлінуін қамтамасыз етеді.

Протекционистер жəне фритредерліктердің көзқарастарын 

салыстыра келе, мынадай тұжырым жасауға болады: протекцио-

нистер қысқа мерзімді мүдделерді көздейді, фритредерліктер ұзақ 

мерзімді мақсаттарға негізделеді. Алайда нақты елге протекцио-

низм тиімді, ал фритредерлік зиян деп немесе, керісінше айтуға 

болмайды. Итальян экономисі В. Парето айтқандай: «Қандай да 

бір елдің белгілі бір уақыт мерзімінде өзінің экономикалық жəне 

əлеуметтік жағдайын біле отырып, ол елге сол уақытта қандай 

саясаттың қажет екенін анықтап алуы қажет – протекционистік 

пе, əлде еркін сауда ма?».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет