Ағымдық операциялар балансы – сауда балансының саль-
досынан тұратын, қызметтердің экспорты мен импорты тура-
лы мəліметтерді жəне біржақты трансферттерді (зейнетақылар,
сыйлықтар, ақша аударымдары, шетелге қайтарымсыз көмек)
қамтитын, сонымен қатар, инвестициялық табыстар балансы
сальдосын да өзіне қосатын төлем балансының бір бөлігі. Егер
ағымдық операциялар балансы оң болса (активті сальдо), онда
сол ел шет елдерге қарағанда нетто-инвестор болып табыла-
ды, яғни əлемдік нарықта кредитор болып табылады. Ал егер
ағымдық операциялар балансы теріс болса (пассивті сальдо),
онда сол ел шет елдерге қарағанда қарыздар болып табылады.
Олай болса, бұл баланс жиынтық ұлттық табыстар мен жиынтық
ұлттық шығындар арасындағы айырманы сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |