Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет437/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

368

15.1-кестеТөлем балансының құрылымы

Шоттың атауы

Кредит (+)

Дебет (–)



1. Ағымдық опера-

циялар шоты

Сауда балансы

Қызметтер балансы

Еңбекақы балансы 

Инвестициялық табыс-

тар балансы (пайыз-

дар, дивидендтер)

Ағымдық трансферт-

тер балансы

Тауарлар экспорттау

Қызметтерді экспорттау

Резидент еместерден 

түсетін қаржылар

Алынған табыстар

Қаражаттар алу

Тауарларды импорттау

Қызметтерді импорттау

Резидент еместерге 

төленетін төлемдер

Төленген табыстар

Қаражаттарды беру

2. Капитал 

қозғалысы 

жəне қаржы 

операцияларының 

шоты

Резидент еместерге 

міндеттемелердің 

өсуі немесе оларға 

талаптардың төмендеуі

Резидент еместер-

ге талаптардың 

өсуі немесе оларға 

міндеттемелердің 

төмендеуі



3. Ресми валюталық 

резервтер өзгерісі

(+) – төмендеу 

(–) – өсу 

Кестеден көріп отырғанымыздай, сауда балансы мен қыз-

меттер балансының баптары бойынша кредитке тауарлар мен 

қызметтердің экспортымен сəйкес келетін ел ішіне шетел ва-

лютасының ағылуы жатады, ал дебетке импорттық тауарлар 

мен қызметтерге төлем ретінде елден шетел валютасының жы-

лыстауы жатқызылады. Қызметтер балансында факторлық емес 

қызмет көрсетулердің (қаржылық, сақтандырушылық, туризм 

қызметтеріне, кеме кірепұлдарына (фрахт) жəне басқа да қызмет 

түрлеріне төлемдер) экспорты мен импорты кіреді.

Еңбекақы балансы мен инвестициялық табыстар балан-

сы еңбек пен капитал сияқты факторлық қызметтермен байла-

нысты валюталардың төлемдері мен оларды сыртқа кетулері 

жатқызылады.




369

Ағымдық трансферттер балансы біржақты тəртіппен орын-

далатын қаржы құралдарының немесе тауарлық ағындардың 

қозғалысын қарастырады. Мысалы, табиғат апаттарынан зиян 

шеккен елдерге үкіметтік гуманитарлық көмек көрсету. Бұдан 

басқа, жеке тұлғалар да ақша аударымдарын жүргізуі мүмкін. 

Мысалы, Қазақстанда қонақүй құрылысына тартылған түрік ма-

маны Түркиядағы өз жанұясына тапқан жалақысының бір бө лігін 

аударуы мүмкін. Мұндай аударымдар шетелден сол елге немесе 

керісінше, қарама-қарсы бағытта шетелдерге ағылуы мүмкін.

Капитал қозғалысы жəне қаржы операцияларының шоты 

(қысқашасы «капитал қозғалысы шоты») да кредиттік жəне 

дебеттік операцияларды көрсетеді, бұл жер сəл өзгешеліктер 

бар. Мысалы, біздің ел шетелден қарыз алса, онда ол капитал-

дың импорты ретінде қарастырылады (Қазақстанға валютаның 

келуі) жəне керісінше, біздің ел шетелге қарыз берсе, онда ол 

капиталдың экспорты болып саналып дебет жолымен өтеді жəне 

валютаның сыртқа кетуін түсіндіреді. Қазақстандық активтерді 

шетелдіктерге сату (мəселен, қандай да бір отандық компанияның 

акциялар пакетінің бір бөлігін) кредит болып саналады, өйткені 

осындай келісімнен кейін елге ақшалай түсімдер келеді. Сондай-

ақ, егер қазақстандық азаматтар қандай бір шетелдік фирманың 

акцияларын пакетін сатып алса, онда ол дебет болып санала-

ды, өйткені сол келісім үшін төлем ретінде біздің елден валюта 

кетеді. Басқаша айтқанда, шетелдерге біздің қарызымыз экспорт 

сияқты болып көрінеді. ал шетелдерге қарыз ұсынуды импортқа 

ұқсата аламыз. 

Соңғы шотқа келетін болсақ, отандық шоттарда шетелдік ва-

люта резервтері ұлғаятын болса, онда бұл ақша ағынын білдіреді 

жəне плюс (+) таңбасымен кредитке жазылады. Ал отандық 

валюталық резервтердің шетелдік шоттарда көбеюі ақшаның 

кетуін білдіреді жəне минус (–) таңбасымен дебетке жазылады. 

Сонымен, төлем балансының осындай шоттары негізінде біз 

бірқатар ұғымдарға төмендегідей анықтамалар бере аламыз.



Сауда балансы – белгілі бір уақытта (ай, тоқсан, жыл) 

құндық сипаттағы енгізілетін жəне сыртқа шығатын тауарлар 

арасындағы арақатынасты көрсететін қандай бір елдің немесе 

24–533



370

əлемдік нарықтағы елдер тобының экономикалық жағдайынан 

хабардар ететін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бір 

түрі. Сəйкесінше, бұл баланс тек сауда ағындарының баптарымен 

ғана жүріп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет