385
4. Валюта нарығы – валюта мəмілелері жасалатын нарық, яғни
онда белгілі атаулы валюта бағамы бойынша бір елдің валютасы екінші
елдің валютасына айырбасталады. Еліміздің коммерциялық банктері
сыртқы қарыздарын өтегенде рынокқа валютаның айтарлықтай көле-
мін шығарады. Бұл ұлттық валютамызға да əсерін тигізеді.
5. Валютаның айырбас бағамы – екі əр ел валюталарының арақа-
тынасы. Атаулы айырбас бағамы екі ел валюталарының салыстыр-
малы бағасын көрсетеді. Нақты айырбас бағамы екі елде өндірілген
тауарлардың салыстырмалы бағасын көрсетеді.
6. Ортақ баға заңы еркін бəсекелестік жағдайында бір тауардың əр
елде əртүрлі бағамен сатылуының мүмкін еместігін көрсетеді. Бұл заң
халықаралық нарықта сатып алу қабілеттілігінің паритеті деп аталады.
7. Валюталық басқыншылық валюта нарығындағы айырбас ба ға-
мы тіркелген бағамнан ауытқыған кезде өзінің халықаралық резерв те-
рінен Орталық банктің шетел валютасын сататынын жəне сатып ала-
тындығын көрсетеді.
8. Девальвация – тіркелген айырбас бағамы жүйесіндегі ұлттық
валюта бағамының ресми түрде төмендеуі. Ревальвация – тіркелген
айырбас бағамы жүйесіндегі ұлттық валюта бағамының ресми түрде
жоғарылауы.
Достарыңызбен бөлісу: |