Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет455/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Қорытынды

1. Төлем балансы – белгілі бір уақыт аралығында резиденттер мен 

резидент еместердің арасындағы жасалған сауда-саттық жəне қаржылық 

келімдер туралы статистикалық есеп-қисап. Төлем балансын талдау 

негізінде қандай да бір елдің сыртқы экономикалық тепе-теңдікке жете 

алу мүмкіндігін түсіндіруге болады. 

2. Төлем балансы бабының кредиті бойынша жазу екінші бір 

баптың дебеті бойынша жазумен теңестіріліп отырады. Кредит – 

нəтижесінде елден құндылықтар кететін жəне солар үшін елге ше-

тел валютасындағы ақшалай ағындар келетін келісімдер жиынтығы 

жəне бұлар «плюс» белгісімен жазылады. Дебет – нəтижесінде ел са-

тып алатын құндылықтарға айырбас ретінде валютасы сыртқа кететін 

келісімдер жəне бұлар «минус» белгісімен жазылады. 

3. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша төлем ба-

лансы құрамына мыналар кіреді: 1) Ағымдық операциялар шоты - тауар 

мен қызметтер экспорты мен импорты, таза инвестициядан таза табыс-

тар жəне таза трансферттік аударымдар; 2) Капитал қозғалысы мен 

қаржы операцияларының шоты – ұзақ мерзімдік инвестициялар (тікелей 

жəне қоржындық); қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы шотына ак-

тивтермен жасалған халықаралық мəмілелер кіреді: акция, облигация, 

жылжымайтын мүліктен түскен табыс жəне шетелден сатып алынған 

активтерге шығындар. 3) Ресми резервтер өзгерісі – мемлекеттің алтын 

қоры, əлемдік баға мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты ал-

тын валюта резервін қайт бағалау, елдегі алтынның бір бөлігін алтын 

қорына ауыстыру, қарыз бойынша арнайы құқықтар (СДР – специаль-

ные права заимствования), шетел валютаның резервін пайдалану.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет