Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


ның өзгерістерін валютаның құнсыздануы



Pdf көрінісі
бет454/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

383

ның өзгерістерін валютаның құнсыздануы немесе қымбаттауы 

деп атайды. Біздің мысалымызда, шетел валютасының айыр-

бас бағамы 150-ден 160 тг./USD-ға дейін көтерілгенде оны дол-

лардың қымбаттауы (сəйкесінше, теңгенің құнсыздануы) дейді. 

Керісінше, шетел валютасының айырбас бағамы 160-тан 150 тг./

USD-ға дейін төмендегенде оны доллардың құнсыздануы (сəй-

кесінше, теңгенің қымбаттауы) деп атайды.

Еркін қалқымалы айырбас бағамы төлем балансының тапшы-

лығын немесе артықшылығын ұлттық валютаны құнсыздан дыру 

немесе қымбаттату арқылы автоматты түрде реттейді.

Орталық банктің валюта нарығындағы əрекеттерімен бай-

ланысты тағы бір маңызды ұғым бар. Егерде, ол экспортерлер-

ден долларларды сатып алса, онда ол ұлттық валюта – теңгемен 

есептеседі. Шетел валютасын сатып алумен байланысты теңгені 

эмиссиялау жұмысы ақша базасын көбейтеді, ал соның салдары-

нан, ақша мультипликаторы арқылы ақша массассы (ұсынысы) 

да артады. Осының бəрі инфляцияны күшейтеді. Валюта бас-

қыншылығының елдегі ақша ұсынысына əсерін бейтараптанды-

ру үшін Орталық банк осы басқыншылыққа қарама-қарсы бо-

лып келетін ішкі активтер (мемлекеттік облигациялар) бойынша 

келісім-шарттарды жүргізеді. Осындай іс-əрекеттерді айықтыру 

(стерилизация) деп атайды. Мысалы, айталық, Орталық банк 10 

млн.сомасында қолма-қол долларларды сатып алу кезінде атау-

лы айырбастың ағымдық бағамы бойынша теңгемен есептеседі 

делік. Олай болса, валюта басқыншылығының нəтижесінде 

ақша базасы ұлғаяды. Оны айықтыру үшін Орталық банк ашық 

нарықта коммерциялық банктерге жəне тұрғындарға сондай сома 

көлемінде мемлекеттік облигацияларды сатады. Мемлекеттік об-

лигацияларды сатып алу коммерциялық банктердің резервтерін 

төмендетеді. Сөйтіп, ақша базасы, яғни, С (қолма-қол ақшалар) + 

R (резервтер) өзгеріссіз қалады.

Сонымен, валютаның айырбас бағамының тіркелген жəне 

қал 


қымалы деген жүйелерін қарастыру арқылы біз төлем ба-

лансының тапшылығын немесе артықшылығын реттеудің мəсе-

лесін толыққанды түсіне аламыз. 

Қорытындысында, мынаны қадап айтқан жөн, яғни макроэ-

кономикалық саясаттың негізгі мақсаттарына қол жеткізу көз-



384

қарасы тұрғысынан, айырбас бағамының қандай жүйесі жұмыс 

істесе де, ол тіркелген болсын немесе қалқымалы болсын, осы 

аталған сұрақтарға біржақты жауап жоқ. Осының барлығы на-

рықтық экономика институттарының даму дəрежесіне, алтын 

валюталық резервтердің көлеміне, инфляция қарқынына, ха-

лықтың билікке деген сеніміне, жиынтық сұраныс пен жиынтық 

ұсыныс тарапынан болатын кездейсоқ сілкіністердің болуына 

жəне болмауына, басқа да жағдайларға байланысты болып табы-

лады. Осыған орай, мемлекеттің елде айырбас бағамының қандай 

да бір жүйесін таңдауы экономикалық жəне саяси сипаттағы 

көптеген объективтік жəне субъективтік факторлардың əсерімен 

байланысты жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет