Тарифтік шектеулер (кеден бажы) – қандай да бір елдің шекарасы-
нан өтетін тауарлардан, мүліктерден жəне құндылықтардан алынатын
мемлекеттің ақшалай табыстары (салықтар).
«Тегеріш» əсері – жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлардың
(ақша ұсынысының төмендеуі, мемлекеттік шығындардың қысқаруы,
салықтардың көтерілуі) əсерінен қысқаруы салдарынан өнім көлемінің
қысқаруы мен баға деңгейінің тұрақтылығын көрсететін механизм.
Тежеуші бюджет-салық саясаты (қазыналық шектеу) – эко-
номиканың циклдік дамуын тежеу мақсатында мемлекеттік шығын-
дарды төмендету, салық салуды арттыру немесе біріктірілген құ-
растырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Басқаша, бұл
енжар фискалдық саясат болып саналады.
Тепе-теңдіктік (теңгерімді) экономикалық өсу – белгілі бір уақыт
аралығында бір-біріне тұрақты түрде теңесетін жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныс көлемдерінің ұлғаюын көрсететін ұлттық экономика-
410
ның ұзақ мерзімдік дамуы. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың
теңгерімді өсуі нəтижесінде бағалардың тұрақты деңгейін ұстап тұруға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |