Технологиялық прогресс – өндірістік үрдісті ұйымдастырудың
жəне басқарудың жаңа əдістері, жаңа ақпараттық технологиялар,
өндірістік үрдісте қолданылатын ғылымның əртүрлі салаларындағы
ашылымдар мен жаңалықтар жəне басқа да заманауи жетістіктер.
Тиімді сұраныс – өзінің жиынтық ұсынысын тапқан жəне соған
сəйкес келетін жиынтық сұраныстың көлемі.
Толық жұмысбастылық – жұмыс күшінің жалпы санында 5,5%
жəне 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап
тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын
алады. Бұл көрсеткіштер əр елде əртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық
жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға бол-
майды.
Төлем балансы – əдетте, бір жыл уақыт аралығында резидент-
тер мен резидент еместердің арасындағы жасалған сауда-саттық жəне
қаржылық келімдер туралы статистикалық есеп-қисап.
Тренд – ұлғаймалы үрдіс нысанында көрінетін экономикалық
дамудың жалпы тұрақты ұзақ мерзімдік бағыттылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |