Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет91/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

81

Тақырыптың мазмұны. 

Қазіргі макроэкономикалық ғылымда жиынтық сұраныс пен 

жиынтық ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті сипаттайтын екі 

теориялық бағыт бар. Біріншісін XIX ғасырдың бірінші жарты-

сында классикалық саяси экономияның өкілдері қалыптастыр-

ды жəне XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 

бірінші жартысы аралығында сол классиктердің ізбасарлары – 

неоклассик-экономистер дамытты. Ал екінші бағытты Дж. Кейнс 

жəне оның ізбасарлары 1936 жылдың басында алға тартты. 

Классикалық мектептің макроэкономикалық моделі ең ал-

дымен француз экономисі Ж. Б. Сэйдің атымен байланысты Сэй 

заңының тұжырымдамасына негізделеді. Бұл заң «тауар ұсыны-

сы өзінің сұранысын тудырады, өндірілген өнімдер автоматты 

түрде табысты қамтамасыз етіп отырады» деген қағидаларға 

сүйенеді. Сэйдің ойынша, экономика тек өндірушілерден тұрады, 

Т-Т формуласы бойынша бір тауарды екіншісімен айырбастау 

бартерлік келісімдер принципімен жүріп отырады. Мысалы, 

тігіншінің тіккен костюмі сату құралы ретінде ұсынылады неме-

се басқалары өндірген етік пен нанға сол костюм сұраныс құралы 

ретінде қолданылады. Тігінші тарапынан костюмді ұсыну оның 

басқа тауарлар мен қызметтерге (етік немесе нан) сұранысы бо-

лып табылады. Сұраныс ұсынысқа тең болу қажет. Ал макроэ-

кономика шеңберінде дəл осындай үрдіс орын алады: ұлттық 

өнімді өндіруден алынған табыс осы өнімге жиынтық сұраныс-

ты қалыптастыру үшін жеткілікті болып табылады, яғни ұлттық 

экономика масштабында ұлттық табысты өндіруден алынған 

бар лық жиынтық табыстар бірден шығындарға айналуы қажет 

немесе өндірушілер өздерінің тапқан табыстарын сол уақытта 

толығымен басқа бір игіліктерді сатып алуға жұмсауы керек, яғни 

сатылмай қалған тауар немесе жұмсалмай қалған табыс болмауы 

тиіс. Мұндай жағдайда, нарықтық механизм ресурстарды толық 

пайдалану кезінде экономикалық тепе-теңдікті шын мəнінде ав-

томатты түрде қамтамасыз ете алады. 

Классикалық мектептің макроэкономикалық талдаулары жа -

лақы, баға, пайыз мөлшерлемесі сияқты айнымалыларға сү 

йе-


неді. Мұндай икемді айнымалылар игіліктер нарығында, ақша 

6–533



82

жəне еңбек нарықтарында экономикалық тепе-теңдікті автоматты 

түрде қалыптастырып отырады.

Сонымен, классиктер экономика мемлекеттің араласуынсыз-

ақ өздігінен реттеліп, экономикалық тепе-теңдік қалыпты түрде 

қамтамасыз етіліп отырады деген қағидаларды алға тартады.

Алайда, осындай постулаттарға сүйенген классикалық теория 

ХХ ғасырдың 30-жылдары орын алған əлемдік «Ұлы депрессия» 

құбылысына түсініктеме беруге қабілетті болмады жəне одан 

шығудың жолдарын қарастыра алмады.

1936 жылы ағылшын экономисі Дж. Кейнс «Жұмыспен қам-

тудың, ақшаның жəне пайыздың жалпы теориясы» деген əйгілі 

еңбегінде өзінің жаңа макроэкономикалық идеяларын ұсынды. 

Ол Сэй заңына келіспеушілік білдіріп былай деді: кейбір уақытта 

адамдар өздерінің тапқан табыстарының барлығын нарықтағы 

тауарлар мен қызметтерге толық жұмсамауы мүмкін, олай бол-

са, дүкен сүрелерінде, қоймаларда сатылмай қалған тауар қор-

лары пайда болады. Соған байланысты өндірушілер өндірісті 

қысқартуға мəжбүр болады, нəтижесінде экономика құлдырай 

бастайды.

Кейнс нарықтық экономикада толық жұмысбастылық жағ-

да йында өнім өндіруге кепілдік беретін механизмнің болмай-

тын 

 

дығы туралы нақты қорытындыға келеді. Экономикалық 



те пе-тең дік жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда жəне эко- 

номикада дағдарыс байқалған кезде де орын алуы мүмкін. 

Сонымен қатар, Кейнс классиктердің өндірісті жəне жұмыс-

бастылықты автоматты реттейтін икемді бағалар идеясын да 

қатты сынға алды. Ол жиынтық сұраныс қысқарғанда тауарға ба-

ғаның төмендейтінін жоққа шығармады. Бірақ бұл жағдай өнім 

көлемін əлеуетті деңгейге əкеледі дегенмен келіспеді. Нарық-

тық экономика тек жетілген бəсекеге негізделе бермейді. Еңбек 

нарығындағы кəсіподақтардың монополистік үстемдік жүргі-

зуі кəсіпкерлерге тепе-теңдік орнатуға қажетті деңгейге дейін 

жалақыны төмендетуге мүмкіндік бермейді. Олигополистер де 

басқа да ресурстардың (көмір, мұнай, болат жəне т.б.) иелері 

ретінде бағаның төмендеу жағына деген икемділгін қаламайды.

Кейнс өзінің пайымдауларында Сэй заңындағы жиынтық 

сұ раныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы себеп-салдарлық 



83

байланыстың бағытын өзгертті, нақтырақ айтқанда: «жиынтық 

сұраныс жиынтық ұсынысты тудырады». Оның мағынасы: «сұ-

ранысы бар тауарларды өндіру қажет». Сондықтан, Кейнс тео-

риясы «тиімді сұраныс теориясы» деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет