Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет198/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Негізгі түсініктер: банк; банк жүйесі; орталық банк; ком-

мерциялық банктер; маржа; ақша-несие (монетарлық) саясаты; 

міндетті резервтер нормасы; ашық нарықтағы операциялар; есеп-

тік мөлшерлемені белгілеу; арзан ақша саясаты; қымбат ақша 

саясаты; ақша-несие саясатының беріліс механизмі жəне т.б.

Тақырыптың мазмұны.

Банк жүйесі – бұл қандай да бір елдің территориясында 

бір-бірімен өзара байланысқан түрде əрекет жасайтын банктік 

мекемелердің жиынтығы. 

Банктік жүйе əдетте, екі деңгейлі болып табылады, бірінші 

деңгейде əрқашанда Ұлттық банк (эмиссиялық) тұрады жəне 

екінші деңгейге коммерциялық банктер (депозиттік) мен арнайы 

мамандандырылған қаржы-несие мекемелері (инвестициялық, 

жинақтаушы, ипотекалық, сыртқы саудалық жəне т.б.) жайғасады.

Банк жүйесі мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

а) уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру;

ə) бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін ұсыну;

б) несиелік ақшаларды жасау;

в) несиелік реттеу;



168

г) ақша эмисиялау; 

д) бағалы қағаздарды шығару.

Банк жүйесінің маңызды буыны болып Ұлттық банк табыла-

ды.

Ұлттық банк – бұл үкіметтің қарыздық жəне несиелік опе-

рацияларын ұйымдастырудың делдалы, ақша нарығының тепе-

теңдігін қамтамасыз ететін банк жүйесінің басты буыны.

Ұлттық банк ұлттық валютаны айналымға енгізеді, елдің 

алтын валюталық резервтерін сақтайды, банкаралық есепте-

су орталығы ретінде жұмыс істейді. Ұлттық банк Үкіметтің 

қар  

жылық агенті рөлін атқарады жəне коммерциялық банктер 



үшін кредитор болып табылады. Сонымен қатар, Ұлттық банк 

ха 


лықаралық ақша нарықтарында сатушы жəне сатып алушы 

қызметін атқарады жəне жеке банктердің шетелдік қызметтерін 

реттеп отырады.

Əлемнің барлық елдерінде Ұлттық банктер ақша-несие саяса-

тын қалыптастырады жəне жүзеге асырады, коммерциялық 

банктердің қызметтерін бақылайды жəне реттейді.

Ұлттық банктің, коммерциялық банктердің операциялары 

жəне банктік емес сектордың шешімдері нəтижесінде эконо-

микада ақша ұсынысы өзгеріп отырады. Біз білетініміздей, Ұлт-

тық банк ақша ұсынысын ақша базасы мен ақша мультиплика-

торына əсер ету жолымен бақылайды. Ал ақша ұсынысының 

нақты көлемі коммерциялық банктердің салымдарды қабылдау 

жəне несиелерді беру бойынша операцияларының нəтижесінде 

қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет