Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:
1) несиелеу лимиттері;
2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу.
Ақша-несие саясатының жанама құралдары:
1) міндетті резервтер нормасын өзгерту;
2) есептік мөлшерлемені өзгерту;
3) ашық нарықтағы операциялар.
Міндетті резервтер нормасын өзгерту – бұл ақша-несие
жүйесін реттеуде қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын
банктік резервтердің шамасына əсер ету əдісі.
Міндетті резервтер нормасын Ұлттық банк депозиттердің
шамасына қарай пайыздық түрде бекітеді. Оның шамасы бі рін-
ші ден, салымдардың түрлеріне жəне екіншіден, банктердің кө-
леміне (шағын банктерге қарағанда ірі банктер үшін оның шама-
сы жоғары) байланысты болады.
Міндетті резервтер нормасын өзгерту екі негізгі нысанда
жүргізіледі: жоғарылату формасында жəне төмендету форма-
сында.
Міндетті резервтер нормасын жоғарылатудың нəтижесінде
міндетті резервтердің шамасы артады, коммерциялық банктердің
171
несиелік белсенділігі қысқарады жəне соңында ақша ұсынысы
төмендейді.
Міндетті резервтер нормасын төмендетудің нəтижесінде ке-
рісінше, несие беру құралдары кеңейеді, коммерциялық банк-
тердің несиелік белсенділігі артады жəне соңында ақша ұсынысы
ұлғаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |