2) құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен ең-
бекке деген сұраныстың сəйкес келмеуінен пайда болатын
мəжбүрлі ұзақ мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл
түрі өндірістегі технологиялық алға жылжулармен байланысты
жəне осыған сəйкес жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылы-
мы өзгереді. Бұл жұмыссыздық мамандықтары «ескірген» неме-
се ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты эко но-
микаға қажеті шамалы болып табылатын азаматтардың арасы нан
көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа тап болған аза-
маттар өз еңбек қызметтерін «дайын» күйінде еңбек нарығына
ұсына алмайды жəне жаңа жұмыс орындарына орналасу үшін
кəсіби қайта даярлаудан өтулері қажет. Қайта даярлаудан өту үшін
аса көп уақыт кетеді жəне көбінесе мемлекет тарапынан қосымша
шығындар жұмсауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |