Экономикалық циклдің типтері.
Қазіргі заманғы макроэкономика экономикалық циклдің көп-
теген түрлерін бөліп көрсетеді. Экономикалық циклдің түр лерін
ажыратудың объективті негіздері мыналар бола алады:
а) капиталдың жекелеген бөліктерінің жаңарып отыру ке-
зеңділігі;
ə) негізгі капитал элементтерінің үнемі жаңарып отыруын си-
паттайтын өзгерістер;
б) демографиялық үрдістермен жəне ауыл шаруашылығының
дамуымен шартталатын өзгерістер.
Экономикалық циклдің негізгі типтері төмендегі кестеде
берілген.
Қазіргі уақытта бірқатар экономистер циклдің қаржылық,
аграрлық, энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, саяси деген
түрлерін бөліп көрсетеді.
17–533
|