Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономи- калық агенттердің шығындары қосылады.  ЖҰӨ = C + I + G + Xn



Pdf көрінісі
бет33/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   525
31

Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономи-

калық агенттердің шығындары қосылады. 

ЖҰӨ = C + I + G + Xn

мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұм-

сайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері

демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып 

алуға кететін шығындар жəне т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып 

алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық 

шығындарға кіреді.

I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, 

станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар жəне т.б.). Ин-

вестицияны жалпы жəне таза деп бөледі. Егер жалпы инвести-

циядан өндіріс үдерісінде ескірген машиналар мен станоктарды 

жаңартуға жұмсалған шығындар бөлігін (амортизация) шегерсек, 

онда таза инвестицияны табамыз. 

Таза инвестиция = Жалпы инвестиция – Амортизация

G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді 

мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мем-

лекеттік аппарат пен əскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). 

Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді.

Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда бай-

ланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы 

айырмашылық. Егер экспорт импорттан жоғары болса, онда таза 

экспорт оң болады, керісінше болса, онда таза экспорт теріс мəнді 

болады.


Табыстар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономика-

лық агенттердің табыстары қосылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет