қалады. Ол тұтыну мен жинақтауға жұмсалады.
30
Ұлттық есепшоттар жүйесінің көрсеткіштері жиынтық өнім
мен жиынтық табысты тек сандық тұрғыдан ғана бағалайды,
олар халықтың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін
сипаттай алмайды, сонымен қатар, бұл көрсеткіштер ғылыми-
техникалық прогрестің жəне экономикалық өсудің жағымды жəне
жағымсыз салдарларын да есепке алмайды. Ал тұрғындардың
өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін ұлттық байлық,
таза экономикалық əл-ауқат жəне жан басына шаққандағы ЖІӨ
сияқты көрсеткіштер анықтайды.
ЖҰӨ-ді есептеу үшін бағаның өзгеруін ғана емес, сонымен
қатар, қайта есептеуді де ескеру қажет. Қайта есептеу мəселесі
қалай орын алады? Көптеген өнімдер базарға түспес бұрын өнді-
ріс сатыларынан өтеді. Сондықтан көптеген өнімдердің құрам-
дас бөлшектері бірнеше рет сатып алынады. Қайта есептеуді бол-
дырмас үшін ЖҰӨ-ді есептегенде тек соңғы өнімнің нарықтық
бағасы ғана алынады.
Соңғы өнім – бұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім.
Аралық өнім – өңдеуге жəне қайта қымбатқа сатуға арналған
өнімдер. Мысалы, машинаның дөңгелегі.
Тəжірибеде қайта есептеуді болдырмас үшін тек қосылған
құнды есептейді.
Қосылған құн – бұл шикізат пен материалдарға кеткен шы-
ғындарды шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген та-
уар
дың құны шикізат бағасынан, басқару шығынан, жұмыс-
шы жалақысынан тұрады. Сондықтан
біз өнім құнынан барлық
ши кізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегерсек, онда
қалған бөлігі қосылған құнды құрайды.
ЖҰӨ-нің құрамына мыналар кірмейді:
−
мемлекеттік трансферттік төлемдер, зейнетақылар, шəкірт-
ақылар, жəрдемақылар,
сақтандыру төлемдері;
−
қор нарықтарындағы бағалы қағаздарды сату;
−
ұсталған тауарларды сату (sekond-hand).
ЖҰӨ-ді есептеу үшін мынадай үш əдіс қолданылады:
1. шығындар бойынша (соңғы пайдалану əдісі);
2. табыстар бойынша (бөлу əдісі);
3. қосылған құн бойынша (өндірістік əдіс).