Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Рой Харродтың экономикалық өсу үлгісі



Pdf көрінісі
бет350/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   525
Рой Харродтың экономикалық өсу үлгісі – экономикадағы 

функционалдық байланыстарды сипаттайтын теңдеулерге жəне 

кəсіпкерлердің психологиялық тəртіптерін талдауға сүйенетін, əрі 

инвестициялық факторды есепке алатын теңгерімді экономика-

лық өсудің неокейнстік үлгісі.

Сонымен, Е. Домар мен Р. Харрод үлгілеріндегі экономика- 

лық өсуді көрсететін динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз бо-

лып табылады. Сондықтан экономиканы мемлекеттік реттеудің 

қажеттілігі туындайды. Домар үлгісінде δ параметрі жəне Хар-

род үлгісіндегі а параметрі техниканың дамуымен анықталған-

дық тан, мемлекет S

Y

 көрсеткішіне ақша-несие саясатының əдіс-

тері арқылы əсер етеді. Үлгілердегі аталған параметрлердің 

біреуінде теңсіздік орын алса, онда бүкіл жүйенің тепе-теңдігі 

бұзылуы мүмкін. Үлгілердегі динамикалық өсу тепе-теңдігінің 

тұрақсыздығы үнемі орын алатындықтан, Домар мен Харрод 

үлгілері ортақ күйінде «ұстараның ұшы» үлгісі деген атауға ие 

болған.

Домар мен Харрод үлгілері Кейнстің негізгі макроэкономика-

лық үлгісін ұзақ мерзімдік экономикалық өсу тұрғысынан да-

мытқан алғашқы үлгілер болып табылады. Кейір əдебиет көз-

дерінде, Домар мен Харрод үлгілеріндегі болжамдар бір-біріне 



294

ұқсас болғандықтан, оларды біріктіріп Харрод-Домар үлгісі деп 

те қарастырады. 

1950-жылдары, экономикалық өсудің неоклассикалық үлгі-

лері кеңінен қолданыла бастады, мұндағы басты жетістігі ре-

тінде өндіріс факторларының өзара ауыстырыла алу қасиетіне 

өндірістік функциялар саналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет