Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгілері



Pdf көрінісі
бет351/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгілері.

Экономикалық өсудің неоклассикалық модельдерінің негіз- 

гісі болып Роберт Солоудың экономикалық өсу моделі деп сана-

лады.


Роберт Солоудың экономикалық өсу үлгісі – бұл халықтың 

өмір сүру деңгейіне жинақтың, еңбек ресурстарының жəне ҒТП-

тің əсер ету механизмдерін айқындайтын экономикалық өсудің 

неоклассикалық үлгісі.

Неоклассикалық мектептің өкілі, американдық экономист 

Роберт Солоудың (1924 жылы туылған) экономикалық өсу үл-

гісі көптеген ғылыми əдебиет көздерінде базалық үлгі ретінде 

қарастырылады. 1956 жылы ұсынылған Солоудың экономикалық 

өсу үлгісі бірқатар негізгі алғышарттарға негізделеді:

−  


өндіріс факторлары, еңбек пен капитал өзара алмасты рыла 

алады;


−  

капиталмен қарулану көрсеткіші тұрақты шама емес, ол 

экономикалық жағдаятқа байланысты өзгеріп отырады;

− 

үлгіде мемлекет пен сыртқы орта секторлары қарас 



ты-

рылмайды;

− 

фирмалар мен үй шаруашылықтары секторларынан тұ-



ратын игіліктер нарығы жетілген бəсекелестікке жəне 

икемді бағаларға негізделеді;

− 

үлгіде Кобб-Дугластың өндірістік функциясы қолда-



нылады.

Үлгіде сипатталатын барлық көрсеткіштер бір адамға шақ-

қандағы есептеулермен беріледі, олай болса, жан басына шақ-

қандағы табыс, инвестиция, жинақ көрсеткіштері былай беріледі:

s – ұлттық табыстағы жинақтың үлесі, 0 < s < 1;

y – ұлттық табыс немесе шығарылым көлемі;

i – жоспарланған инвестициялар;

i = sy, яғни инвестициялар = жинақ нормасы × ұлттық табыс;




295

k – еңбектің капиталмен қарулануы (капиталовооружен- 

ность), K / L;

δ – капиталдың істен шығу нормасы.

Үлгіде y шамасы капиталмен қаруланудың функциясы болып 

табылады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет