296
i = sf (k).
Бұл формула негізгі макроэкономикалық теңдестікпен I = S
байланыстырылады, яғни ұлттық экономика шеңберіндегі инвес-
тициялар жинақтауға тең. Үлгідегі s əрпі нақты іске асырыл-
ған инвестициялар немесе жинақтар деп түсіндіріледі. Жинақ
қисығының кемімелі көлбеулі болуы жəне оның өндіріс көлемі
y қисығынан төмен орналасуы жинақтау көлемінің ұлттық та-
быстың тек бір бөлігі ғана екендігімен сипатталады.
Бұдан кейін үлгіге сырттан үш фактор енгізіледі:
1) халық санының өсуі (n),
2) капиталдың тозуы немесе істен шығуы (δ),
3) технологиялық прогресс (g).
Айталық, халық саны n қарқынмен өседі. Онда бір жұмысшыға
келетін инвестиция шамасы nk-ны құрайды. k шамасы тұрақты
болып қалу үшін халық санының өсуіне капитал шамасының өсу
қарқыны сəйкес келуі тиіс. Алайда, біз екінші фактор капиталдың
тозуын δ-ны естен шығармауымыз керек. Егер құрал-жабдық
түріндегі капитал 25 жыл қызмет етсе, онда оның жыл сайынғы
тозуы 1/25-тең, яғни капитал құнының 0,04 бөлігі немесе 4%.
Олай болса, осы 0,04 саны δ шамасына тең. Енді халық санының
өсуі мен капиталдың тозуын есепке алатын, бір жұмысшыға
шаққандағы инвестиция мөлшері былай жазылады:
i = (n+ δ)k.
Осы көрсеткіштерді ескере отырып, Солоу бойынша дина-
микалық тепе-теңдіктің тұрақты жағдайына жету меха
низмін
қарастыруға болады. Егер жинақтар жоспарланған ин
вес
ти-
цияларға тең болса, онда Солоудың ойынша, экономика тұ-
рақ тылық жағдайында болады. Нарықтық күштердің ықпа
лы-
мен осындай тұрақтылықтың кез келген ауытқуы ең алдымен,
икемді бағалар мен субститут-факторларға сəйкес экономика
соңында бəрібірде тұрақты қалпына қайтып келіп отырады.
Жинақтар мен инвестициялардың қиылысу Е нүктесінде
экономиканың тұрақтылық жағдайы сақталады:
Достарыңызбен бөлісу: |