6. Тест сұрақтарына жауап беру керек:
1. Экономикалық өсудің факторлары:
а) интенсивті фактор
ə) шикізаттық фактор
б) экстенсивті жəне интенсивті факторлар
в) еңбек факторлары
2. Домар мен Харродтың экономикалық өсу үлгілерінде қандай
факторға басты назар аударылады:
а) салықтарға
ə) мемлекеттік шығындарға
б) инвестицияға
в) ұлттық табысқа
3. Е. Домардың экономикалық өсу үлгісі – бұл:
а) қарапайым кейнсиандық үлгі, жиынтық сұранысты жəне жиынтық
ұсыныстың өндірістік қуаттарын ұлғайтудағы инвестицияның екіжақты
рөлін зерттеуге жəне ұзақ мерзімде толық жұмысбастылық мəселелерін
айқындауға негізделеді
ə) халықтың өмір сүру деңгейіне жинақтың, еңбек ресурстарының
жəне ҒТП-тің есер ету механизмдерін айқындайтын экономикалық
өсудің неоклассикалық үлгісі
б) үй шаруашылығы мен фирмалар жұмыс істейтін игіліктер на-
рығын қарастыратын кейнсиандық динамикалық үлгі
в) кəсіпкерлердің психологиялық тəртіптерін талдауға жүгіне оты-
рып балансталған экономикалық өсуді қамтамасыз ету механизмдерін
сипаттауға негізделеді
Достарыңызбен бөлісу: |