Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Құбылмалы (қалқымалы) валюта бағамы кезіндегі мак-



Pdf көрінісі
бет383/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   525
Құбылмалы (қалқымалы) валюта бағамы кезіндегі мак-

роэкономикалық саясат

Бұл жағдайда ОБ валюта нарығына араласпай-ақ, ұлттық 

валютаның айырбас бағамына (сəйкесінше, таза экспорт көле-

міне де) төлем балансы тұрақтанғанша дейін өзгеруіне мүмкін-

дік бере алады. Мұндай бағам кезінде ОБ-тің валюталық 

резервтері мен ақша базасы шамалары өзгермейді. Яғни, елде 

еркін құбылмалы айырбас бағамы қолданылса, онда төлем ба-

лансының түзетілуі мемлекеттің араласуынсыз автоматты түрде 

қамтамасыз етіледі.

Бюджет-салық саясаты. Мемлекеттің шығындардың ар-

туы жиынтық сұранысты ұлғайтып, IS қисығын IS

2

 жағдайына 



оңға жылжытады (13.12 a-сурет). Жиынтық сұраныстың ұл-

ғаюынан ұлттық табыс артады жəне пайыз деңгейі де r

1

 шама-


сына артады. Бұл үрдіс ел ішіне сырттан капиталды ағылтып, 

төлем балансының оң сальдосын қалыптастырады. Құбылмалы 

айыр бас бағамы кезінде ұлттық валютаның құны төлем балан-

сының нөлдік сальдосы қамтамасыз етілгенше дейін арта 

береді.

13.11-сурет.  Тіркелген валюта бағамы кезіндегі ақша-несие саясаты



321

Валюта бағамының артуы салдарынан таза экспорт қысқа-

рады. IS қисығы солға жылжиды. Төлем балансының оң сальдо-

сы қаншалықты орын алса, соншалықты валюталық бағам арта 

береді жəне таза экспорт қысқара береді, яғни ішкі пайыз деңге-

йі əлемдіктен жоғары болады. Тепе-теңдік бастапқы қалпына 

қайтып келеді. Алайда бұл тепе-теңдік жоғары валюта бағамы 

кезінде орын алады (13.12 ə-сурет). 



13.12-сурет. Құбылмалы валюта бағамы кезіндегі бюджет-салық саясаты

Сонымен, құбылмалы валюта бағамы кезінде кіші ашық эко-



номикаға деген ынталандырушы бюджет-салық саясатының 

нəтижесі тиімсіз болып қалады, өйткені мемлекеттік шығын-

дардың артуы салдарынан таза экспорт қысқарып, ұлттық табыс 

өзгермей қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет