Ақша-несие саясаты. Бұл жағдайда тіркелген валюта баға-
мы кезінде кіші ашық экономикаға деген ынталандырушы ақша-
несие саясатының салдарлары қарастырылады. Ақша масса-
сы ның ұлғаюы LM қисығын LM
2
жағдайына оңға жылжытады
(13.11-сурет). Пайыз мөлшерлемесі төмендеп, инвестицияға де-
ген сұраныс жоғарылайды жəне де соның салдарынан табыс ар-
тады. Дəл сол уақытта, ішкі пайыздың əлемдік пайыз деңгейіне
қарағанда төмендеуі (r
1
< r*, 13.11 a-сурет) ел ішінен капиталды
кетіреді жəне төлем балансының тапшылығы орын алады.
Капиталдың елден шығуы жəне төлем балансының теріс саль-
досы шетел валютасына сұранысты арттырады, ал ұлттық валюта
бағамы төмендей бастайды (13.11 ə-сурет). Бұл жерде ОБ валюта
бағамын тіркелген e
1
деңгейінде ұстап тұруы тиіс, ол үшін ОБ
валюталық интервенциялар жүргізеді (шетел валютасын сатады
жəне ұлттық валютаны сатып алады). Нəтижесінде ақша массасы
қысқарып LM қисығы LM
1
жағдайына қайтадан қайтып келеді.
Ақша массасы қысқарғаннан кейін пайыз мөлшерлемесі артады
жəне капиталдың шетелге ағылуы тоқтайды. Сөйтіп белгілі бір
уақыттан кейін экономика бастапқы жағдайына қайтып келеді.
Нəтижесінде ынталандырушы ақша-несие саясатының салдары-
нан ақша массасының соншалықты арттырылуы табысқа əсер ете
алмай қалады.
320
Сонымен, тіркелген валюта бағамы кезінде кіші ашық эко-
номикаға деген ынталандырушы ақша-несие саясатының нə-
тижесі тиімсіз болып қалады, өйткені ақша массасының өз-
ге
руі валюта нарығындағы қажетті интервеницялар арқылы
тұ рақтанып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |