8. Манделл-Флеминг үлгісі бойынша тағайындалған валюта-
лық бағам кезіндегі ынталандырушы бюджет-салық саясатының
қызметі:
а) табысты өсіреді
ə) айырбас бағамын арттырады
б) таза экспортты ұлғайтады
в) ешқандай өзгерістерді тудырмайды
9. Манделл-Флеминг үлгісі бойынша тағайындалған валю-
талық бағам кезіндегі ынталандырушы ақша-несие саясатының
қызметі:
а) табысты өсіреді
ə) айырбас бағамын арттырады
б) таза экспортты ұлғайтады
в) ешқандай өзгерістерді тудырмайды
10. Манделл-Флеминг үлгісінің мəні:
а) жабық экономикаға тəн үлгі, яғни яғни елдің əлемдік нарықпен
ешқандай байланысы болмайды
ə) кіші ашық экономикаға негізделген үлгі, яғни ұлттық эконо-
миканың əлемдік нарықтағы үлесі жоғары емес, осыған байланысты
оның негізгі даму параметрлері əлемдік нарықпен анықталады
б) үлкен ашық экономикаға негізделген үлгі, яғни ұлттық эко-
номиканың əлемдік нарықтағы үлесі өте зор, осыған байланысты
оның негізгі даму параметрлері əлемдік пайыз мөлшерлемесіне əсер ете
алады
в) əлемдік саудадағы өндіріс факторларының арақатынастарын
зерт теуге негізделген
|