саудаға түсетін тауарлар жəне саудаға түспейтін тауарлар.
Саудаға түсетін тауарлар өз кезегінде, экспортталатын тау-
арлар жəне импортталатын тауарлар болып бөлінеді.
Саудаға түспейтін тауарлар тек бір елдің шеңберінде ғана
өндіріліп тұтынылады жəне олар экспортқа немесе импортқа
шығарыла алмайды. Əдетте, мұндай тауарларға қызмет көрсету-
лердің түрлері жатқызылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркəсіптік жіктемесі бойын-
ша саудаға түсетін жəне саудаға түспейтін тауарларға жат
қы-
зылатын тауарлардың түрлерін мына кестеден көруге болады
(14.3-кесте).
Көп жағдайларда, кестеде беріліп отырған жіктеме салыс-
тырмалы түрде шартталған болып табылады. Мəселен, жаңа
технологиялардың дамуымен байланыс, сақтандыру бизнесі,
қаржы секторы қызметтерінің көптеген түрлері саудаланатын
тауарларға айнала алады.
|