337
бидай = 1 тонна мақта. Ал Өзбекстанда бұл арақатынас 1 тонна
бидай = 2 тонна мақта ретінде 14.1 ə-суретінде берілген.
14.1-сурет. Мамандандыруға жəне халықаралық саудаға дейінгі өндірістік
мүмкіндіктер қисығы: а – Қазақстан; ə – Өзбекстан
Сонымен, əрбір елдің тауардың белгілі бір түрін өндіруге ма-
мандануы бидайды да жəне мақтаны да көптеп өндіріп тұтыну-
ға мүмкіндік жасайды. Алайда, Қазақстан мен Өзбекстан үшін
осындай тиімді халықаралық айырбас қандай əлемдік бағалармен
жүргізіледі деген мəселе туындайды, яғни енді осы елдерді сауда
шарттары немесе экспорттық жəне импорттық бағалардың
арақатынастары қызықтырады. Біздің мысалымыздағы бағалар
ақшалай нысанда емес, балама шығындар арқылы көрінеді, яғни
қандай да бір ел қосымша тауар бірлігін өндіру үшін екінші бір
тауардың қанша бірлігін өндіруден бас тарту қажет екендігімен
түсіндіріледі. Олай болса, Қазақстанда бидайдың ішкі бағасы 1
бірлікке, ал Өзбекстанда 2 бірлікке тең. Егер Қазақстан əлемдік
нарықта 1 тонна бидай үшін 1 тоннадан артық мақта ала алатын
болса, онда Қазақстан үшін əлемдік сауда тиімді болып табыла-
ды, мысалы, бұл елге 1 т. бидай = 1,2 т.мақта немесе 1 т. бидай
= 1,5 т. мақта арақатынасында сауда жасаса болады. Бұл жерде,
Қазақстанның əлемдік нарықтағы ең жоғары арақатынасы – 1 т.
бидай = 2 т. мақта, яғни Өзбекстанда өндірілетін бидайдың ба-
лама шығынымен анықталатын максималды бағасы болып табы-
лады. Өз кезегінде, егер Өзбекстан əлемдік нарықта қосымша 1
тонна бидай үшін 2 тоннадан кем болатындай мақтаның көлемін
бере алатын болса, онда сол ел үшін əлемдік сауда тиімді болар
еді, мысалы, бұл елге 1 т.бидай = 1,8 т. мақта немесе 1 т. бидай =
1,5 т. мақта жəне басқадай арақатынасында сауда жасаса болады.
22–533
338
Бұл жерде, ең төменгі салыстырмалы баға 1 т. бидай = 1 т. мақта
арақатынасына тең болады.
Сонымен, əлемдік нарықта осындай тауарлар үшін бағалар
қалай қалыптасады? Бұл халықаралық сауда жағдайында бидай
мен мақтаға сұраныс пен ұсынысқа байланысты болып табыла-
ды. Мəселен, əлемдік баға 1 т. бидай = 1,5 т. мақта арақатынасы-
мен анықталады делік. Яғни, Қазақстан əлемдік нарықта 1 тон-
на бидай ұсына отырып, 1,5 тонна мақта сатып ала алады. Бұл
арақатынас Өзбекстан үшін де пайдалы, себебі ол 1 тонна бидай
үшін мақтаның тек 1,5 тоннасын ғана береді (жабық экономика
жағдайында 2 тонна мақтаның орнына). Енді екі ел халықара-
лық айырбас пен мамандандырудың нəтижесінде тұтынудың
жаңа деңгейіне өтсе, халықаралық саудадан тиімділік көреді
(14.2-сурет).
14.2-сурет. Сауда мүмкіндіктерінің сызығы: а – Қазақстан; ə – Өзбекстан
14.2-суретте сол елдердің өндірістік мүмкіндіктер қисығы
(ӨМҚ) берілген. Бірақ əр елдің сауда мүмкіндіктерінің сызығы
бұрынғы өндірістік мүмкіндіктер қисығынан жоғары орналасқан.
Олардың көлбеулігі екі ел үшін бірдей, өйткені ол бидай мен
мақтаға қалыптасқан əлемдік баға деңгейімен анықталады жəне
Достарыңызбен бөлісу: |