Қорытынды
1. Төлем балансы – белгілі бір уақыт аралығында резиденттер мен
резидент еместердің арасындағы жасалған сауда-саттық жəне қаржылық
келімдер туралы статистикалық есеп-қисап. Төлем балансын талдау
негізінде қандай да бір елдің сыртқы экономикалық тепе-теңдікке жете
алу мүмкіндігін түсіндіруге болады.
2. Төлем балансы бабының кредиті бойынша жазу екінші бір
баптың дебеті бойынша жазумен теңестіріліп отырады. Кредит –
нəтижесінде елден құндылықтар кететін жəне солар үшін елге ше-
тел валютасындағы ақшалай ағындар келетін келісімдер жиынтығы
жəне бұлар «плюс» белгісімен жазылады. Дебет – нəтижесінде ел са-
тып алатын құндылықтарға айырбас ретінде валютасы сыртқа кететін
келісімдер жəне бұлар «минус» белгісімен жазылады.
3. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша төлем ба-
лансы құрамына мыналар кіреді: 1) Ағымдық операциялар шоты - тауар
мен қызметтер экспорты мен импорты, таза инвестициядан таза табыс-
тар жəне таза трансферттік аударымдар; 2) Капитал қозғалысы мен
қаржы операцияларының шоты – ұзақ мерзімдік инвестициялар (тікелей
жəне қоржындық); қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы шотына ак-
тивтермен жасалған халықаралық мəмілелер кіреді: акция, облигация,
жылжымайтын мүліктен түскен табыс жəне шетелден сатып алынған
активтерге шығындар. 3) Ресми резервтер өзгерісі – мемлекеттің алтын
қоры, əлемдік баға мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты ал-
тын валюта резервін қайт бағалау, елдегі алтынның бір бөлігін алтын
қорына ауыстыру, қарыз бойынша арнайы құқықтар (СДР – специаль-
ные права заимствования), шетел валютаның резервін пайдалану.
|