Жылу тасымалдағыш, жылу тасығыш – жылу алмасу процесін іске асыру үшін қолданылатын, қозғалыста болатын сұйық немесе газ тәрізді орта..
. Жылу өткізгіштік – денелер бір біріне немесе дененің бір бөлігінен басқасына жылу энергиясының тікелей тасымалдануы. Жылу өткізгіштік таза түрдегі монолитті қатты денелердің ішіндегі немесе газ, сұйық қозғалмайтын жұқа қабаттарда жылу тасымалы кезінде байқалады
Поршень
Конвекция – зат (көлеммен) бөлшектерінің ауысу есебінен пайда болған жылу энергиясының тасымалы. Конвекция тек қозғалмалы – сұйықтық немесе газдық ортада айқын орын алады. Конвекция әрқашан да сұйықтың немесе газдың жіңішке қабаттарындағы жылу тасымалымен жүреді..
Сәулелену – жылу энергияларының электр магниттік толқын түріндегі таралуынан болады. Бұл үрдіс жылу сәулелері үшін мөлдір орталарда және жылу алмасуға қатысып жатқан денелердің энергиясының ауысуымен жүреді, сәулеленген дененің жылу энергиясының бір бөлігі электр магнитте, ал кері ауысу жұтатын дене бетінде болады.
02
;.
Вакуумдағы жылу тасымалы тек сәулеленумен жүреді. Жылу таралу үрдістерінде бір уақытта екі немесе үш жылу тасымалдағыш түрі қатысады. Жылу тасымалдау үрдісі кеңістіктегі температура, уақыт өзгерісіне байланысты жүреді. Дәл осы уақыттағы температураның мағынасы температура өрісі деп аталады
Жылу тасымалдағыш ретінде су, су буы, газдар, сұйық металдар, хладондар қолданылады. Жылу тасымалдағыштар жылу беру процесінде өздерінің агрегаттық күйін өзгертуі (қайнайтын сұйықтықтар, конденсацияланатын бу) немесе өзгертпей сақтауы (қайнамайтын сұйықтықтар, конденсацияланбайтын газдар) мүмкін. Бірінші жағдайда жылу тасымалдағыш температурасы өзгермейді, ал екіншісінде өзгереді (төмендейді немесе жоғарылайды). Ядролық реактордағы жылу тасымалдағыш – ядролар бөліну реакциясы нәтижесінде бөлінетін жылуды активті зонадан шығаратын сұйық немесе газ тәріздес заттар. Жылулық реакторларда кең тараған жылу тасымалдағыш: кәдімгі су мен ауыр су, су буы, газдар (сутек, көміртек диоксиді), органик. сұйықтықтар. Шапшаң реакторларда жылу тасымалдағыш ретінде сұйық металдар мен газдар пайдаланылады
03
Роторлы компрессордың кейбір түрлері таза газды, ал кейбір кезде сұйық газды айдайды. Құрылымы бойынша роторлы компрессор келесі топтарға бөлінеді: 1) бір білікті; оған: пластиналар, сұйықтық сақиналы, жылжымалы роторлы және т.б.; 2) екі білікті; оған: коловратты және бұрандалы. Пластиналық компрессорларда цилиндрден және оның ішінде пластиналары бар ротор айналып тұрады, Пластиналардың саны (2-30 дейін болады), машина көлеміне, компрессордағы ротордың өзгеруіне, пластинаның материалына, майлау және салқындату тәсілдеріне байланысты. Пластинаның саны неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым ротордың өзгеруі бірқалыпты және газдың шығыны аз болады, бірақ цилиндр тез тозады.
04-
Пластиналар болаттан, синтетикалық шайыр және углерафиннің қосылысынан жасалынады. Сұйықтық сақинасы компрессордың құрылымы бойынша поршеньді компрессорға ұқсас, бірақ аралық кеңістік сұйықтықпен толтырылған сақинадан тұрады: құрылымының қарапайымдылығы, бөлшектердің үйкелісі аз, тетіктердің сұйықтықпен нығыздалуы, газдың берілісі бірқалыпты, пульсациясыз. Жылжымалы роторлы компрессорды вакуумдық желілерге және мұздатқыштарда қолданылады. Коловратты компрессорлар - қысым аз жағдайларда пайдаланады, ең үлкен артықшылығы құралымының қарапайымдылығы. Бұрандалы компрессорлар − бұрғылау және мұнай кәсіпшілік өндірісінде көп қолданылады. Бір топ құрғақ сығылу бұрандалы компрессорға он компрессор кіреді. Бұл бір сатылы 0,4 МПа және екі сатылы 1,15 МПа-ға дейін, ауаның көлемдікшығыны =0,38-ден 96000 м3/сағ дейін болады. Келесі топқа маймен толтырылған соңғы қысымы 0,8 МПа, көлемдік шығыны 0,24-тен 24000 м3/сағ дейін. Айдайтын компрессордан бөлек мұнайлы газды жинауға және тасымалдауға арналған машиналар бар.