Макроэкономикалық саясат – əлеуметтік жəне экономикалық мə-
селелерді шешуге бағытталған шаралар мен іс-қимылдар жүйесі.
Макроэкономикалық саясат құралдары – бір немесе бірнеше мак-
роэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жəне
үнемі мемлекеттің бақылауында болатын экономикалық өзгермелілер.
Макроэкономикалық саясаттың объективті мақсаты – ұлттық
эко
номикадағы қарама-қайшылықтарды жұмсарта отырып, эконо
ми-
калық тиімділік пен əлеуметтік əділеттілікті қолдау болып табылады.
Макроэкономикалық тепе-теңдік – экономикалық жүйенің
баланс танған жағдайы, экономикалық жүйенің тұтас тепе-теңдігі.
Макроэкономиканың зерттеу объектісі – ұлттық экономиканың
өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық табыс көрсеткіштері жəне
қоғамның байлығы.
Макроэкономиканың зерттеу пəні – негізгі макроэкономикалық
мəселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе
ретіндегі əрекет ету заңдылықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |