Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет72/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   525
0

E

2

P

0

 жағдайына (қою пунктирлі сызық) 

ығысады.

Баға деңгейі мен жиынтық ұсыныс қисығының бұлай өзгеруі 

өнім өндіруге кететін шығындардың бағасымен түсіндіріледі. 

Кəсіпкер шикізатты жеткізу, ғимаратты жалдау, жұмысшыларға 

жалақы төлеу туралы белгілі бір баға бойынша келісімге отырады 

жəне ол осы шығындарды жиынтық сұраныс қысқарғанда еркін 

түрде азайта алмайды, сұраныс қысқарса да қосымша зиян шек-

пес үшін өзінің өндірген өнімін бастапқы тағайындалған бағамен 

сатуға жəне өндіріс көлемін қысқартуға мəжбүр болады.

Сонымен, «тегеріш» əсері – бұл жиынтық сұраныстың баға-

лық емес факторлардың (ақша ұсынысының төмендеуі, мем-

лекеттік шығындардың қысқаруы, салықтардың көтерілуі) əсе-

рінен қысқаруы салдарынан өнім көлемінің қысқаруы мен баға 

деңгейінің тұрақтылығын көрсететін механизм. 

Экономикада қандай да бір фактордың əсерінен жиынтық 

сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруін сілкіністер 

(шок) деп атайды. Осы сілкіністер өндіріс көлемі мен жұмыс-

басты лық ты əлеуетті деңгейден ауытқытады. Сұраныс сілкініс-



тері ақша ұсынысының немесе ақша айналымы жылдамдығы-

ның күрт өзгеруі, инвестициялық сұраныстың күрт өзгеруі жəне 

басқа да фак торлардың салдарынан туындауы мүмкін. Ұсыныс 

сіл кіністері ресурстарға бағалардың (бағалық сілкіністер, мы-

салы, мұнайға бағаның тым өсуімен байланысты шок) күрт 

өсуімен, табиғат апаттарына, кəсіподақтар белсенділігінің кү-

шеюіне, заңдылықтағы өзгерістерге, жəне де қоршаған ортаны 




68

қорғау бойынша шығындардың маңызды түрде артуына байла-

нысты, сонымен қатар басқа да факторлардың салдарынан орын 

алуы мүмкін. Ұсыныс сілкіністерін осыған байланысты бағалық 

сілкіністер деп те атайды.

AD-AS моделінің көмегімен осындай сілкіністердің эконо-

микаға əсерін бағалауға болады, сондай-ақ, осы сілкіністер 

арқылы туындаған ауытқуларды жұмсартуға, өндірістің тепе-

теңдік кө лемін қалпына келтіру мен жұмысбастылықты қалыпты 

дең гейіне жеткізуге бағытталған мемлекеттің тұрақтандыру 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет