Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығын



бет17/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығын анықтау. Зерттеуші жұмыстың педагогикалық теория мен практика үшін қандай маңызы бар екендігін анықтайды. Ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы ғылыми-зерттеу жұмысының сапасының жетекші критерийі болады және оны фундаменталды немесе қолданбалы бағытқа жатқызуға мүмкіндік береді.
Проблеманы теориялық талдау тақырыптағы негізгі ұғымдарды жан-жақты қарастыруды, зерттеу бойынша түрлі көзқарастарды, бағыттарды (философиялық, психологиялық, педагогикалық және т.б.) салыстырмалы талдауды көздейді. Талдауда автордың өз қорытындысы, классификациясы, тұжырымдалған ұғымдар, оларға толықтырулар көрсетіледі. Теориялық талдау мен қорытынды зерттеу проблемасы бойынша әдебиетті жан-жақты талдау негізінде жүзеге асырылады. Проблеманы теориялық талдау зерттеушінің өзіндік түсінігінің тереңдеуіне, қайшылықтар мен зерттеу мақсатына жету үшін зерттеу міндеттерін шешудің мүмкін болатын нұсқаларын көре білуге жағдай жасайды.
Эксперимент аясында оқытуды, тәрбиелеуді, түзетулер енгізуді және т.б. жүзеге асыру үшін педагогикада бар тәжірибені автоматты түрде (оған өз үлесін қоспай, бейімдемей, толықтырмай, құрмай, жаңа тәсілдермен байытпай және т.с.с.) пайдалану зерттеу проблемасын өз бетімен шешу болып есептелмейді.
Педагогикалық процеске эксперименттік факторларды енгізудің жағымды және жағымсыз жақтарын болжау. Болжау ойлаған ойды жүзеге асыруда қателіктер кездескен жағдайда алдын ала түзетуге, эксперимент жүргізушінің қиыншылықтарының сипатын алдын ала көре білуге мүмкіндік туғызады.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсатын, міндеттерін, мазмұны мен әдістерін анықтайды; мектепке дейін білім беру практикасындағы проблемаларды талдайды және теориялық және практикалық талдау негізінде проблеманы шешудің өзіндік нұсқасын құрады. Зерттеуші тәжірибелікэксперименттік апробациялауға жататын педагогикалық ақикатты жетілдіру жөнінде жүйеленген ұсыныстар кешенін жасайды
Зерттеушінің тәжірибелік-эксперименттік қызметі бірнеше кезеңнен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет