Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


-ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



бет14/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   119
2-ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Жоспар


2.1 Тақырыптың негізгі ұғымдарының мазмұны.
2.2 Ғылыми-педагогикалық зерттеу логикасы.
2.3 Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері.

2.1 Тақырыптың негізгі ұғымдарының мазмұны


Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда пайдаланылатын әдістерді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының логикасы туралы айту үшін тақырыптың негізгі ұғымдарын ашу қажет.
Ғылым жаңа фактілермен, жаңа біліммен толықтырылған жағдайда ғана дамиды. Оларды жинақтау және жан-жақты түсіндіру үшін, деп көрсетеді В. А. Сластенин, зерттеудің ғылыми негізделген процедурасы мен әдістерін түсіну қажет. Ғылыми негізделгендігі әдіснама арқылы жүзеге асады.
Әдіснама - ғылыми-таным іс-әрекетін құрудың принциптері, түрлері және тәсілдері туралы ілім. Ғылымның әдіснамасы зерттеу компоненттерін - оның нысанын, пәнін, мақсаты мен міндеттерін, оларды шешудің қажетті зерттеу құралдарын анықтайды, зерттеу міндеттерін шешу процесінде оның барысының ретін қалыптастырады. Сонымен, педагогикадағы әдіснама (мектепке дейінгі педагогикада) шынайы өмірді педагогикалық тану және өзгертудің теориялық ережелерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Педагогика саласындағы зерттеу дегеніміз (мектепке дейінгі педагогиканы) - жаңа білім алуға негізделген білім беру заңдылықтары, олардың құрылымы және тетіктері, мазмұны, принциптері мен технологиялары туралы ғылыми қызмет процесі және нәтижесі (В. А. Сластенин, Е. Н. Шиянов). Педагогикалық зерттеулер педагогикалық қызмет фактілері мен құбылыстарын суреттейді, түсіндіреді, болжам қояды.
Өзінің бағытына қарай олар:

  • фундаменталды - олардың нәтижесі қорытынды тұжырым-дама, ол педагогиканың теориялық және практикалық барысын қорытады немесе педагогикалық жүйені дамытудың моделін ұсынады;

  • қолданбалы - олар педагогикалық процестің жекелеген жақтарын терең зерттеуге, педагогикалық практиканың заңдылықтарын ашуға бағытталған; оның нәтижесі белгілі теориялық қағидаларды ескере отырып нақты ғылыми-практикалық ұсыныстарды жасап негіздеу болып табылады.

Мектепке дейінгі педагогика және білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулердің сапасының негізгі критерийлері: өзектілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің бұл критерийлерге сәйкестік дәрежесін оның маңыздылығы мен сапалық деңгейі анықтайды.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер белгілі бір логика бойынша жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет