Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Білім беру бағдарламаларын құру тәсілдері



бет52/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   119

Білім беру бағдарламаларын құру тәсілдері


Сызықтық тәсіл – мұнда оқу материалының жекелеген бөліктері өзара тығыз байланысқан буындардың үздіксіз тізбегін құрайды. Оның үстіне жаңасы бұрыннан белгілінің негізінде құрылады. Материалдың мазмұны оқыту кезеңінде бір рет жасалады. Кәсіптік білім беру бағдарламалардың көбісі осы тәсілдің негізінде құрылған.
Бағдарламаны құрудың концентрлік тәсілі бір материалды бірнеше рет қарастыруды көздейді, бірақ білім мазмұнын басқа тұрғыда меңгеру үшін оны жаңа компоненттермен толықтыру арқылы күрделендіру, кеңейту, тереңдету элементтері енгізіледі. Бұл - балалар бақшасында жылдан-жылға білім деңгейін көтеру үшін педагог өткен материалды қайталаған жағдайда мектепке дейін білім беру жүйесіне тән тәсіл.
Аралас тәсіл бірінші және екінші тәсілдердің белгілерін біріктіреді. Мұндай тәсіл материалдың әр бөлігін әртүрлі әдіспен түсіндіруге мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламасының, басқа құбылыстар тәрізді, өзінің айқын белгіленген құрылымы болады, ол мамандардың жұмысының қажетті жақтарының барлығын сәйкестендіреді.

Білім беру бағдарламасының құрылымы


  1. Түсінік хат - қысқа, ауқымды және негізделген түрде берілген бағдарлама аясында мектепке дейін білім берудің мақсаттарын көрсетеді; оқылатын материалдың құрылымы мен мазмұнын, іс-әрекет түрлерін, олардың функцияларын баяндайды. Түсінік хат бағдарламаның мәтінін негіздейді, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен

6–7463
тәрбиелеуді ұйымдастыру принциптерін, олардың жас сатыларындағы ерекшеліктерін айқындайды, қойылған мақсаттарға жетудің әдістемелік жүйесін, құралдарын, жүзеге асыруға қажетті шарттарды көрсетеді. Түсінік хатта бағдарламаны жасаудың тұжырымдамалық негізі, оның авторларының ойы, басқа бағдарламалардан айырмашылығы және олармен байланыс мүмкіндіктері ашып көрсетіледі.

  1. Негізгі мәтін мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын тақырып, бөлім, жас кезеңі, мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі педагогикалық процестің бағыттары бойынша құруды көрсетеді.

Бағдарламаның негізгі мәтінінде оқыту мен тәрбиелеудің әрбір бағыты бойынша педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттері болады, балаларға қажетті білім, білік, дағдылар, қалыптастырылатын тұлғалық қасиеттері мен қабілеттері, айналасындағылармен орнатылатын қарым-қатынас тәжірибесі, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі көрсетіледі. Негізгі мәтінде айқын, жасы және жұмыс бағыттары бойынша балалармен істелетін жұмыстың негізгі мазмұны, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдері мен құралдары жазылып көрсетілуі керек.
Бағдарламалардың авторлық бөлімі негізгі мәтінді нақтылайды. Мұнда бағдарлама бойынша жұмыс нәтижелерін диагностикалауға арналған материалдар болуы мүмкін; дамытушы ортаны, қажетті өзіндік ерекшелігі бар материалдарды бейнелеп жазу; педагогтардың өздік білімін көтеру үшін әдебиеттер, бұл бағдарлама бойынша педагогтар мен балалардың іс-әрекеттерінің үлгілері; оны жүзеге асыруға әдістемелік ұсыныстар болады. Білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсыныстар бағдарлама мәтініне жеке басылым болуы мүмкін.
Бүгінде мектепке дейін білім беру жүйесінде әртүрлі көптеген авторлық кешенді және парциалды білім бағдарламалары бар, олар білім беру жүйесінде бар бағдарламаларға балама ретінде пайда болған, пайда бола береді де және апробацияланады.
Әрбір бағдарлама педагогикалық процесті ұйымдастыруға әртүрлі көзқарасты негіздейді. Бүгінде мектепке дейінгі мекеменің бағдарламаны және оны іске асыру технологиясын таңдауына құқығы бар (мұның жағымды да, жағымсыз да жақтары бар).
Мемлекеттік білім беру стандарты педагогикалық процесті шектемейді, белгілі бір қалыппен жүргізбейді, оны біліксіздіктен қорғайды және белгіленген минимуммен қатар әртүрлі қосымшаларды да беруді көздейді. Стандарт орындау – мемлекеттің бәріне бірдей тең білім беруді қамтамасыз етумен байланысты баланың, отбасының, қоғамның алдындағы міндеттемесін орындау.
Білім беру бағдарламалары жасалу кезеңінде мемлекеттік деңгейдегі сараптамадан, тәжірибе-эксперименттік апробациядан өтеді, содан кейін ғана енгізілуге жіберіледі. Мектепке дейінгі мекеме мамандары кешенді білім беру бағдарламасын таңдауда ерікті. Ол парциалдық бағдарламалармен толықтырылуы мүмкін (дайын немесе авторлық), бірақ бұл балалардың жүктемесінің олардың денсаулығын сақтау нормаларын сақтау және кешенді бағдарламаны орындау жағдайында болуы тиіс.
Ұзақ уақыт мектепке дейін білім беру жүйесінде бір бағдарлама – М. А. Васильеваның «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы» (ол түзетулерімен 1962 жылдан) қолданылып келді. Бүгінде бағдарламалардың көптігі жағдайында мектепке дейінгі мекемелер білім беру траекторияларын және бағдарламаларын өздері таңдайды, оған өзгерістер енгізеді, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес авторлық бағдарламалар енгізеді. Бұл траекторияны анықтау кезеңінде мамандарға бірқатар ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарды орындау маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет