Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Тұжырымдаманың ғылыми психологиялық-педагогикалық негіздері



бет106/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   119
Тұжырымдаманың ғылыми психологиялық-педагогикалық негіздері
Тұжырымдама әрекеттік-жас ерекшелікке негізделеді және іс-әрекетінің заттық сипатының заманауи түсініктеріне, баланың психикалық және тұлғалық дамуы үшін маңыздылығына сүйенеді. С. Л. Новоселова іс-әрекет өзінің іс-әрекет тәжірибесі субъектісінің қорытындысына байланысты өзінің психологиялық мазмұнын үнемі өзгертіп тұратындығын пайымдаған. Іс-әрекеттің бала әлемін қалыптастыратын қорытынды тәжірибесі қандай да бір іс-әрекетте нақты істің мақсаттарына жету жағдайында бағдарды анықтап қана қоймайды, оның келесі мазмұнын байытады (А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, М. И. Лисина). Іс-әрекет психиканы құрады, әрекетсіздік тұлғаны депривацияға, оның мүмкіндігін шектеуге әкеліп соғады.
Бала дамуының күшті байытушы факторы – әлеуметтік-мәдени айналасы және оның заттық ортасы. Әрбір бала өзінің дамуында сөзсіз жанұяның, оның тұрмысының, мәдени артықшылықтарын және үлкендердің іспен шұғылданатындығын, бос уақыт мазмұнын көреді. Мектепке дейінгі мекеме білім беру орталығы ретінде «бағдарланған» мәдениет зарядын алып қана қоймайды, балалардың өмірін түрлі жағдайларда байытып жүрген мөлтек ауданның, қаланың, ауылдың мәдени ахуалын да, олардың іс-әрекет және эмоционалдық-құндылық қатынастарындағы тәжірибесін де көреді. Әр жас сырттан өзі үшін керектіні алады.
Іс-әрекетті құраушы фактор болып оның пәні есептеледі. Іс-әрекет пәні (оның мотиві, А. Н. Леонтьев бойынша) әжептәуір материалдық және идеалдық нәрсе болуы мүмкін. Сәбилік кезде мотив пен пән бірге болады. Ары қарай пән қоғамдық-берілген мәнді айқындайды, және іс-әрекет мотиві заттың өзі емес, оның атқаратын қызметі болады, кейіннен оның түрлену маңызы, мүмкіндігі болады. Бір мезгілде пәннің функциясы өзгереді. Баланың өсу процесінде іс-әрекет мотиві мен пәннің функциясының бұл ауысуы, С. Л. Новоселованың пікірінше, балабақшада дамытушы ортаны құру негізі болып табылады.

Балалық шақтың дамытушы ортасының негізгі қағидалары


Ерте балалық шақтан бастап баланы толыққанды дамытудың басты тетігі баланың іс-әрекеті, оның сан алуан түрлері болып табылады. Тәрбиенің әртүрлі кезеңінде іс-әрекет түрлері жетекші есебінде жүреді.
Баланы толыққанды дамытуды қамтамасыз ету үшін дамытушы заттық орта мен үлкен адамдардың балалармен мазмұнды қарым-қатынасы қажет.
Дамытушы заттық орта, С. Л. Новоселова көрсеткендей, - бұл бала іс-әрекетінің, рухани және физикалық бейнесін дамытудың мазмұнын функционалды түрде модельдейтін материалдық объектілерінің жүйесі. Байытылған орта дегеніміз - баланың сан алуан іс-әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік және табиғи құралдардың бірлігі. Бұл ортаның негізгі элементтеріне архитектуралық-ландшафтық және табиғи-экологиялық объектілер; көркемдік студиялары, ойын, спорттық алаңдар және олардың жабдықтары; ірі габаритті, баланың бойына мөлшерлес масштабты (бойына шақ) конструкторлар; ойыншықтардың, құралдардың тақырыптық жинақтары; оқыту мен тәрбиелеудің аудиовизуалды және ақпараттық құралдары жатады.
Дамытушы орта білім беру мекемелерінің әртүрлі типтерінде: яслиде, балабақшасында, балалардың бос уақыттарын өткізу орталықтарында және т.с.с., сол сияқты дамуында ауытқуы бар балалардың реабилитациялық мекемелерінде өзіндік ерекшеліктерге ие болады.
Балалар мекемелерінің құрылысын салуды жобалағанда студиялар, шеберханалар, тірі бұрыш, компьютерлік кешендер және т.с.с. орынды қарастыру қажет. Олар ғимараттың ішінде де, даладағы алаңдарда да бала іс-әрекетіне қажетті барлық жабдықтармен, ойын және спорттық алаңдармен, көгалдандырылған аулалармен толық қамтамасыз етілген болуы тиіс.
Халыққа білім беру мекемелерінің қызметі балалар алаңдарын, аулалардағы ойын алаңдарын, саябақтарды салуға, оларда штаттағы мамандарды ұстауға арналуы тиіс.
Тұжырымдама нұсқалы дамытушы ортаның дизайн-жобаларын және балалар үшін арнайы орындар жасауды қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет