52
Мұндай қайшылықтардың болуы тәрбие процесіне қозғау салады,
оның жетілуіне түрткі болады.
Тәрбиелеу тұлғаға, оның дамуына, білім алуына кешенді түрде
әсер етеді. Тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестері өзара тығыз бай-
ланысты. Мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінде тәрбиелеу
негізінен үш функция атқарады.
1. Дидактикалық (оқытудың жетекші функциясы) – оқушылардың
білім жүйесін меңгеруін, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруді көздейді.
2. Тәрбиелік (тәрбиелеу процесіндегі жетекші функция) –
балалардың айналасындағыларға, өзіне қарым-қатынас жүйесін,
дүниетаным негіздерін, құндылықтарды қалыптастыру, сол сияқты
мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу. Бұл
функция үлкен адамдар мен балалардың әртүрлі іс-әрекетте араласу
процесінде, адамгершілік нормалары мен тәртіп ережелерін меңгеру
процесінде жүзеге асырылады.
3. Дамытушы функция оқыту және тәрбиелеу процесінде баланың
психикалық процестерін, оның қабілеттерін, педагогикалық процестің
субъектісі ретінде оның шығармашылығын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: