203
Көрсетілген орындар дамытушы ортаның заманауи тұжырымдамасы
аясында педагогикалық процесті толыққанды ұйымдастыру үшін
қажетті (базалық) болады. Оларды жоспарлауға және жабдықтауға
мамандардың (эргономистердің, дизайнерлердің,
психологтардың,
педагогтардың) ерекше назары керек.
Белгіленген базалық компоненттер дамытушы ортаны құрудың
көпнұсқалылығының негізін құрайды. Әрбір жобаға барлық компо-
ненттер немесе олардың бөлігі кіруі мүмкін. Мектепке дейінгі меке-
ме жұмысының практикасында жүйелілікті,
масштабы мен стилінің
бірлігін сақтай отырып заттық орта мазмұнының біртіндеп өсуі жаңа
элементтерді енгізу арқылы байытылуы мүмкін. Сонымен бірге
орта азфункционалдылықпен, артық заттармен толтырылмауы тиіс.
Оның міндеті – әрбір баланы қызықты, пайдалы іспен шұғылдануды
қамтамасыз ету.
Баланың даму ортасын жобалағанда бала үш кеңістікте: оның қол
қимылымен (масштаб «көз-қол»), бойы мен үлкендердің заттық әлемімен
шамалас әрекет болмай, жан-жақты дамыту мүмкін болмайтындығын
ескеру керек. Ендеше, мектепке дейінгі мекемеде баланы дамыту орта-
сы бала әрекет жасайтын заттық ортаның үш масштабы болуы керек.
Дамытушы орта өзінің мүмкіндіктерін баланың осы ортада
үлкендермен қарым-қатынасының арқасында ашады. С. Л. Новоселова:
«Үлкен адамдардың дайындығынан, біліктілігінен, олардың балаларға
мейірімділік мен мүдделілік қарым-қатынасынан
заттық ортаның
әсерлілігі, баланың өз іс-әрекетінде оны меңгергісі келетіндігі және
меңгере алатындығы белгілі болады» деп көрсетеді. Мектепке дейінгі
мекеменің түрлі базалық компоненттерінің жобаларының нұсқалары С.
Л. Новоселованың жұмысының маңызды бөлігін қояды.
Достарыңызбен бөлісу: