30
болу жағдайлары, күн тәртібі және басқа да топтарды теңестіретіндей
ұйымдастыру белгілері бірдей болуы керек;
•
таңдалып алынған диагностика әдістемесінің көмегімен
эксперименттік және бақылау топтарында жасалған бағдарламаны
енгізгенге дейін «1-Бақылау» жүргізіледі;
•
ойын әрекетінде мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың
коммуникативтік білігін дамыту жөніндегі ұсынылған бағдарламаны
эксперименттік топқа енгізеді.
•
тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жасалған бағдарлама
бойынша жүргізеді;
•
эксперименттік бағдарламамен жұмыс кезеңінде эксперименттік
және бақылау топтарында «2-Бақылау» жүргізіледі, алынған деректерді
салыстырады, бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктерін
анықтайды, қажетті түзетулер енгізеді;
•
жасалған түзетулерді ескере отырып, эксперименттік жұмысты
ары қарай жалғастырады;
•
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың аяғында қорытынды
«3-Бақылау» жүргізеді (эксперименттік және бақылау топтарында),
алынған нәтижелерге талдау жасалады;
•
«3-Бақылаудың» эксперименттік деректерін салыстырмалы
түрде талдайды, ойын әрекетінде мектепке дейінгі жастағы ересек
балалардың коммуникативтік білігін дамыту динамикасын байқайды;
•
жасалған бағдарламаның тиімділік деңгейі жөнінде қорытынды
жасалады, оның жағымды және жағымсыз жақтары көрсетіледі;
•
зерттеудің
болашақтағы
міндеттері,
эксперименттік
жұмыстарын ары қарай жалғастырудың мүмкін болатын бағыттары
көрсетіледі.
Ұсынылған зерттеушінің жұмыс алгоритмін орындалатын кез
келген практикалық зерттеуде педагогикалық эксперимент аясында
қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: