Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Педагогикалық ғылымдар жүйесі



Pdf көрінісі
бет10/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128
1.4 Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Соңғы жүзжылдықта адамзаттың адамды зерттеу мәселелері оның 
дамуының барлық кезеңдерінде анағұрлым алға жылжыды. Жаңа білім 
қорының өсуіне, шынайы өмірдің әртүрлі салаларына педагогикалық 
ойдың таралуына байланысты педагогиканың жаңа салалары пайда 
болды. Сүйтіп, педагогика озінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ 
жылдарында тәрбие туралы ғылымның тармақталған жүйесіне айналды.
Тәрбие туралы ғылымдар жүйесінің іргетасы жалпы педагогика
ол адамды тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді, кез келген типтегі 
және түрдегі тәрбие беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің 
негіздерін жасайды.
Тәрбие жүйесіндегі ғылымдар жүйесінде жас ерекшелік 
педагогикасына қатысты салалар ерекше орын алады. Олар балалық 
шақтың барлық кезеңдерінде жас ерекшелік даму ерекшеліктеріне 
сәйкес туғаннан бастап есейгенге дейін балаларды оқыту мен 
тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады. Жас ерекшелік 
педагогикасының нысаны бала, ал зерттеу пәні – балалық шақтың түрлі 
сатыларындағы (ерте жас, мектепке дейінгі жас, мектеп жасы) оқу-
тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заңдылықтары, әдістері, құралдары, 
технологиялары.
Мектепке дейінгі педагогика – бала өмірінің алғашқы күнінен 
бастап (туғаннан мектепке барғанға дейін) оны тәрбиелеу, оқыту 
және білім беру туралы ғылым. Педагогика ғылымдарының басты 
саласы ретінде мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы Я.А. 
Коменский. Оның «Ұлы дидактика» атты кітабында алғашқы рет 
мектепке дейінгі тәрбие жүйесі берілген. Я.А. Коменский теориясының 
коптеген қағидалары заманауи педагока үшін де өзекті.
Заманауи мектепке дейінгі педагогика, біріншіден, тәрбиелеу 
және оқыту процесін, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын
ұйымдастыру түрлерін, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін, 
құралдарын; екіншіден, бұл процестің баланың дамуына, тұлға ретінде 
қалыптасуына әсерін қарастырады. Мектепке дейінгі педагогика 
қолданбалы функция да атқарады – тәрбиелеу мен оқытудың жаңа, 
неғұрлым жетілдірілген бағдарламалары мен әдістерін жасаумен 
шұғылданады. Әлеуметтік ғылым бола отырып, жас ұрпаққа білім 
беру саласында заманауи қоғам талаптарымен тығыз байланыста 
болады. Мектепке дейінгі педагогика білім беру жүйесін дамыту 


16
тенденциялары мен перспективаларын, тәрбиелеуді ұйымдастыруды 
қарастыратындықтан оның прогностикалық рөлі басым екендігі 
күмән тудырмайды. Ғылыми болжам негізінде тәрбиелеудің жаңа 
тұжырымдамалары, білім стандарттары жасалады; балаларды жанұя 
және мектепке дейінгі мекеме жағдайында тәрбиелеудің теориялық 
негіздері мен технологиялары қарастырылады, түрлі типтегі, оның 
ішінде балама типтегі мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесінің 
ерекшеліктері зерттеледі (1-сызба).
1-сызба


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет