Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Тұлғаны дамытуда және мектеп жасына дейінгі баланың іс-



Pdf көрінісі
бет105/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128
10.2 Тұлғаны дамытуда және мектеп жасына дейінгі баланың іс-
әрекетінде ортаның маңызы
Педагогика мен психологияда дамытушы ортаның әсеріндегі 
адам танымдық және тұлғалық дамудың жоғары деңгейін меңгереді 
деген сөзсіз қағида бар. Толыққанды үйлесімді даму үшін балалар 
үлкендердің назарының, мейірімді және мазмұнды қарым-қатынастың 
қажеттілігіне мұқтаж болып қана қоймайды, сонымен бірге баланың 
алған тәжірибесін бекітуді қамтамасыз ететіндей заттық ортаны да 
қажет етеді. Әрбір іс-әрекет қандай да бір сұранысты қанағаттандыруға 
қызмет етеді (өмірлік, танымдық, қоғамдық). Бұл үшін балаға қызықты 
мақсаты бар объектілер керек (бас қатыру ойындары, кедергілер жолағы, 
компьютерлік дидактикалық бағдарлама және т.с.с.). «Дамытушы 
орталардың басты белгісі оның проблемалылығы болып табылады», 
- деп көрсетеді С. Л. Новоселова. Бала орта объектілерімен жұмыс 
істейді, бірқатар практикалық міндеттерді қояды және шешеді. Жақсы 
дамытушы ортада бірден табылмайтын ақпараттар толық болмайды, 
баладан ізденісті, шығармашылық белсенділікті талап етеді. Даму орта-
сы жүйелі болуы керек, яғни балалардың жасына, іс-әрекет мазмұнына, 
тәрбиелеу және оқыту мақсаттарына, жобалық мәдениеттің негізгі 
принциптеріне сай болуы керек.
Арнайы ұйымдастырылған орта іс-әрекетке белсенділік әсерін 
көрсетуге, өздігінен оқуға ықпал етуге, түрлі іс-әрекет субъектісі ретінде 
баланың қалыптасуын жетілдіруге, аяғынан тұруды қамтамасыз етуге, 
өз іс-қимылын еркін таңдай және бағыттай білуге қабілетті. Мұндай 
орта өз әлеуетін көрсетіп бағалай білуге мүмкіндік береді, мақсаттылық 
пен бағыттылықты, жинақылықты, өз ісі мен әрекетінің нәтижелері 


192
үшін жауапкершілікті қалыптастырады, шығармашылық қабілетті аша-
ды, дамудың қазіргі сәтіндегі мүдделер мен сұраныстарға қарай әрекет 
етуге мүмкіндік туғызады. Түрлі іс-әрекеттерге қатыстыру, түрлі ма-
териалдармен таныстыру, өз инициативасымен бос кезінде, педагог 
шектемеген уақыт көптеген тәртіптік проблемаларды шешеді, жанұя 
мен балаға мектепке дейінгі мекемеде уақытының мазмұнды өтуіне 
кепілдік береді.
Сонымен, орта тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, сол сияқты 
оған тән іс-әрекет түрлерінің қозғаушы күші рөлін атқарады. Ол 
қабілеттің, мектеп жасына дейінгі баланың субъективтік қасиеттерінің 
жан-жақты қалыптасуына ықпал етеді, оның даралығын көрсетеді, 
белсенділік түрлерін жеделдетеді, топта жағдайлы психологиялық аху-
ал туғызады. Дамудың лайықты ортасының болуы мектепке дейінгі 
білім берудің тұлғалық-бағдарлық моделінің қажетті шарты болып та-
былады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет