Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Адамның іс-әрекет, таным, қарым-қатынас субъектісінің



Pdf көрінісі
бет24/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128
3.2 Адамның іс-әрекет, таным, қарым-қатынас субъектісінің 
негізгі белгілерінің жалпы сипаттамасы
«Субъект», «объект» ұғымдарының мазмұнын қарастыру және 
оны талдау адам-субъектінің негізгі белгілерін анықтауға мүмкіндік 
береді. В. В. Горшкованың құралында субъектінің мынадай белгілері 
көрсетіледі: белсенділік, саналылық, еркіндік пен жауапкершілік, 
бірегейлік, шығармашылыққа қабілеттілік, өз нанымы бойынша 
әрекет жасау, жағымсыз жағдайларға дәлелді түрде қарсы тұра алу. 
В. В. Горшкованың қорытынысына сүйеніп осы белгілерге сипаттама 
берейік.
Белсенділік - жеке тұлғаның оның ісіндегі өзін-өзі басқара ала-
тындай себептермен мақсаттарын жүзеге асыруға жағдай жасайтын 
қасиеттерінің жинағы; жағдайлардың өзгеруіне байланысты тәсілдерді 
кең түрде қолдана білу және оларға қонымды түзетулер енгізу; 
жаңа міндеттер қоюға ынталы және сыни тұрғыдан қарау; іс-әрекет 
нәтижелерін шығармашылықпен және көпнұсқалы түрде болжамдай 
білу. 
Белсенділік - субъектінің қажетті, бірақ жеткіліксіз белгісі. 
Белсенділіктің саналы белгісі субъектіні объектіден ажыратады. 
Саналылық өз ісінің мақсаттарын, себептерін, әдіс-тәсілдерін өздігінен 
талдап талқылағанда көрінеді. 
Субъектінің 
қажетті 
белгісі 
жеке және әлеуметтік 
жауапкершілікпен  ұштасқан еркіндік. Заманауи философияда еркіндік 
адам тіршілігінің міндетті атрибуты, субъектінің мақсатты, таңдамалы 
белсенділігі ретінде қарастырылады (М. К. Каган, А. Л. Никифоров, В. 
Франк).
Субъектінің бірегейлігі субъектінің нәтижелілік белгісі болып та-
былады. Адамның бірегейлігі оның десубъективациясына, әлеуметтік 
объект болуына әкеледі. Бірегейлік – бұл субъектінің өзін басқадан, өз 
ісі мен оның нәтижелерін басқанікінен айыра алатындай қабілеттілік 
қасиеті. Әрбір бала, әрбір семья, білім беру мекемесі бірегей, өйткені 
әрбір адам аталған субъектілі бастауды алып жүре алмайды. Оның бо-
луы білім беру процесін жоспарлау мен ұйымдастыруда дара көзқарас 
тұрғысынан қарауға, мектепке дейінгі жастағы балалардың өзара 
қарым-қатынас істерінің сипатына байланысты. 
Субъектінің белгілеріне сипаттама беру шығармашылыққа қатысты 
болмауы мүмкін емес. Шығармашылыққа қабілеттілік – сырттан 
ұсынылатындардың ішінен таңдау ғана емес, сонымен бірге жеке 


39
тұлғаның өзін-өзі көрсете білу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 
жаңаны тудыру.
Маңызды белгілері өзіндік нанымы бойынша әрекет жасау, жай-
сыз жағдайларға дәлелді түрде қарсы тұру, жаңа қоғамдық үрдістерді 
аңғарып отыру болып табылады.
Сонымен, адам-субъектіні сипаттайтын негізгі белгілерді анықтау, 
оның маңыздылығын бағалау балаға ерте балалық шақтан бастап 
тәрбиелеудің мағынасын анықтауға көмектеседі. Тәрбиелеу – бұл жай 
ғана адыңғы ұрпақтың келесі ұрпаққа әрекет пен қарым-қатынастардың 
әлеуметтік тәжірибесін беру емес, сонымен қатар әрбір келесі ұрпаққа 
осы тәжірибені байытуға мүмкіндік туғызатын субъективті қасиеттерді 
қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет