Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет27/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128
Sb Sb
Ob
Бүгінгі күні баланың субъективтік қасиеттерін тәрбиелеу процесі 
жасалу үстінде. Баланың объектіден субъектіге ауысу тетіктері 
жеткілікті қарастырылмаған. Мектепке дейінгі педагогикадағы 
проблемалық сала -субъектілі ынталылықты, балалар мен педагогтардың 
шығармашылығын қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық процесті 
ұйымдастырудың тиімді түрлерін, әдістерін, біртұтас технологияларын 
анықтау. Қойылған бұл проблемадан бірқатар жеке проблемалар туын-
дайды:

Нақты педагогикалық процесте педагогты субъект ретінде, 
олардың субъектілік қасиеттерін көрсететін мүмкіндіктері мен 
жағдайларын, балалармен бірге әрекетіндегі қарым-қатынас жүйесін, 
басқа педагогтармен және әкімшілікпен қарым-қатынасын қарастыру 
қажет. «Білім беру процесінде педагог әрқашанда субъект бола ала ма?» 
деген сұрақ аса маңызды. Зерттеу жұмысының басты аспектісі - өзінің 
кәсіби іс-әрекетіндегі педагогтың ерекшелік іс-әрекеттерін анықтау. Іс-
әрекет жағдайына қарай оның субъектілік жайы да әртүрлі болуы да-
усыз факт (мысалы, балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру 
жөнінде әкімшіліктің нұсқауларын қабылдайды, ата-аналар мен бала-
лар тарапынан бағалау тұрғысында болады және т.с.с.).

Баланы педагогикалық процестің субъектісі ретінде қарастыру да 
нақты емес. Балалармен қарым-қатынаста беделді деген педагогтардың 
басым көпшілігі баланы өзімен теңдес серік ретінде себепті және 
технологиялық тұрғыдан да қабылдауға дайын емес (әсіресе, кіші 
жастағы және мектепке дейінгі жаста). Кейбіреулер «педагог-бала» 
қарым-қатынас жүйесіне субъект ұғымын енгізудің қажеттілігі жоқ 
деп санайды. Ал үшіншілерінің педагогтың бұл субъектіге қарым-


42
қатынасы қандай болуы керек және оның субъектік қасиеттерін қалай 
қалыптастыру керек екендігі жөнінде нақты түсініктері жоқ. Баланың 
тиісті қасиеттерін қалыптастыру үшін оған субъект ретінде қарау 
жеткілікті ме? Баламен қарым-қатынасты қалай орнату керек? Жас және 
жеке ерекшеліктерін қалай ескеру керек? Педагогикада осы сұрақтарға 
жауап беру керек. Лекциялық және семинар сабақтарында бірігіп 
жұмыс жүргізу барысында біз қойылған проблемаларды шешудің 
өзіндік нұсқасын беруге тырысамыз.
Педагогикалық проблемалардың тағы бір блогы субъектаралық 
әрекеттестікті ұйымдастыру процесімен (субъект-субъектілік сипаттағы 
әрекеттестік) - оқу-тәрбие процесіндегі белсенділік пен серіктестіктің 
ерекше түрімен байланысты. Ол балаға субъективтік сапаларын 
дамытуға, педагогқа – дамудың шығармашыл деңгейіне қол жеткізе оты-
рып, оларды еселеп арттырады. Субъект-субъектілік қатынастар ұдайы 
қозғалыста, әртүрлі пікірлердің, тұжырымдардың, сұраныстардың
көзқарастардың үйлескен жағдайында дамиды. Проблеманың бұл бло-
гы серіктестіктің мазмұны мен түрлеріне жаңа көзқарас ізденістерімен 
байланысты.
Педагогикалық ізденіс аясы педагогикалық процестің барысы 
мен нәтижелерін диагностикалау тәсілдерін анықтаумен байланысты, 
онда өзара әрекеттестіктердің барлық қатысушыларының диагностика 
мен өзін-өзі диагностикалауға саналы түрде қатысу мүмкіндігі, оның 
субъектаралық сипаты есепке алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет