Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет33/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128
Өзара тәрбиелеу - өзара ықпалдастыққа қатысушы адамдардың 
адамгершілік, әлеуметтік, эмоционалдық дамуға, өзара бірін-
бірі байытуға, жеке тәжірибелерімен алмасуға бағытталған өзара 
ықпалдастық процесінде пайда болатын адамдар арасындағы 
қатынастардың бір түрі. 
Өзін-өзі тәрбиелеу - адам өзін-өзі жөнге келтіру тетіктерін 
белсенділендіру арқылы өзін тұлға ретінде толыққанды түрде көрсетуге 
бағытталған саналы іс-әрекет. Мектеп жасына дейінгі баланың өзін-өзі 
тәрбиелеуінің қозғаушы күші оның ісін үлкен адамдардың мақұлдауын, 
жұмысы мен тәртібін оң бағалауын қажет ететіндігі болып табылады. 
Бұл процесс жағдаятты сипатта болады және үлкен адамдар тарапынан 
қолдауды талап етеді.
Қайта тәрбиелеу процесінің өзін-өзі және өзара тәрбиелеуден 
айырмашылығы бұл баланың жағымсыз істері мен тұлғалық қасиеттерін 
өзгертуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу көзі - баланың жағымсыз 
жақтарына мақсатты түрде әсер етіп өзгерте алатын үлкен адам-
дар. Қайта тәрбиелеу – неғұрлым күрделі процесс, өйткені тұлғаның 
қалыптасып қалған мінезі мен қатынастарында берік шартты рефлек-
стер жатыр, оларды бұзу қиынға соғады. Бұл процесс әрқашан нәтижелі 
бола бермейтіндігі түсінікті.
Қайта тәрбиелеу, деп көрсетеді Г. М. Коджаспирова, - адамды 
тәрбиелеудің алдыңғы нәтижесін зерттеуге, тәртібін түзетуге, қате 
пікірлерін жоюға, девианттық қылықтарын болдырмауға бағытталған 
мақсатты тәрбиелік іс-әрекет.
Тұтас педагогикалық процесте тәрбиелеу процесінің өзінің 


51
құрылымы болады. Еске түсірейік, құрылым – объектінің тұтастығын 
қамтамасыз ететіндей оның бөліктерінің (компоненттерінің) 
арасындағы берік байланыс.
Ю. К. Бабанский тәрбиелеу процесінің құрылымында алты өзара 
байланысты компонентті анықтайды.
1. Дем беруші-мотивациялық – мектеп жасына дейінгі баланың 
даму мотивациясы мен өзін-өзі жетілдіруін қалыптастыруды, дүниеге 
көзқарас, өзінің айналасындағылармен, басқа да адамдармен дұрыс 
қарым-қатынаста болу негіздерін қалыптастыруды көздейді.
2. Мақсатты – мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі кезеңінде 
балаларды тәрбиелеу мақсаттарын көрсетеді.
3. Мазмұндық – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу 
мазмұнын – мектепке дейінгі жастағы баланың үйлесімді даму-
ына қажетті қарым-қатынастың әлеуметтік тәжірибесінің, өзара 
ықпалдастықтың, өзін тұлға ретінде көрсете білу көлемін анықтайды.
4. Амалдық-әрекеттік – түрлі әдістер, ұйымдастырушылық-
педагогикалық жағдайлар мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын 
мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиенің процессуалды жағын сипаттай-
ды
5. Бақылаушы-реттеуші – тәрбие процесін бақылауды және реттеуді, 
оның барысы мен нәтижелерін түзетуді қамтиды, тәрбиелеуде кері бай-
ланыс орнатуды қамтамасыз етеді.
6. Бағалаушы-нәтижелілік – балалардың тәрбиеленгендік деңгейін 
диагностикалауды қамтамасыз етеді, сәйкестік орнатады, мектепке 
дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің жаңа 
мақсаты мен міндеттерін қояды.
Тәрбиелеу процесіндегі қозғаушы күштер; бұл процестің ішінде
және одан тыс туындайтын қайшылықтары:

қоғамның балалардың тәрбиеленгендік деңгейіне қойылатын 
талаптары мен мектеп жасына дейінгі балалардың нақтылы деңгейінің 
арасындағы;

баланың жақсы болу, мораль нормаларына, үлкен 
адамдардың талаптарына сай әрекет жасау сұраныстары мен оларды 
қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктері арасындағы;

баланың білімі мен білігі және сыртқы мақсаттардың 
арасындағы;

баланың айналасы туралы, тәртіп, қарым-қатынас нормалары 
мен ережелері жөніндегі бұрынғы білімі мен жаңадан алған білімдерінің 
арасындағы.


52
Мұндай қайшылықтардың болуы тәрбие процесіне қозғау салады, 
оның жетілуіне түрткі болады.
Тәрбиелеу тұлғаға, оның дамуына, білім алуына кешенді түрде 
әсер етеді. Тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестері өзара тығыз бай-
ланысты. Мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінде тәрбиелеу 
негізінен үш функция атқарады.
1. Дидактикалық (оқытудың жетекші функциясы) – оқушылардың 
білім жүйесін меңгеруін, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруді көздейді.
2. Тәрбиелік (тәрбиелеу процесіндегі жетекші функция) – 
балалардың айналасындағыларға, өзіне қарым-қатынас жүйесін, 
дүниетаным негіздерін, құндылықтарды қалыптастыру, сол сияқты 
мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу. Бұл 
функция үлкен адамдар мен балалардың әртүрлі іс-әрекетте араласу 
процесінде, адамгершілік нормалары мен тәртіп ережелерін меңгеру 
процесінде жүзеге асырылады.
3. Дамытушы функция оқыту және тәрбиелеу процесінде баланың 
психикалық процестерін, оның қабілеттерін, педагогикалық процестің 
субъектісі ретінде оның шығармашылығын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет