Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектеп жасына дейінгі баланың субъектілік қасиеттерін да-



Pdf көрінісі
бет29/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128
3.5 Мектеп жасына дейінгі баланың субъектілік қасиеттерін да-
мыту
Бала бірден субъект болып, оның тиісті белгілерін қабылдай ал-
майды және ол кездейсоқ емес. Оның дамуы, саналы түрде белсенді, 
ынталы, шығармашыл болуы бірден болмайды, біртіндеп үлкендермен 
бірге – алдымен ата-аналарымен және жақындарымен, ал кейін педагог-
пен қарым-қатынаста еркіндік пен жауапкершілікке ие бола бастайды.
Бала-субъектінің қалыптасуы оны тәрбиелеу мен оқыту процесінде 
үлкендердің іс-әрекеті баланы ерте жастан бастап субъектілік сапала-
ры мен қасиеттерін дамытуға бағыттаған жағдайда ғана жүзеге асады. 
Керісінше, баланың еркіндігін, белсенділігі мен ұмтылысын басу ын-
тасыз немесе ашуланшақ және негативті адам болып шығуы мүмкін. 
Баланың ынтасын үнемі шектеп отыру оның дамуын тежейді. Оның 
дамуы ұзаққа созылады, үлкен психикалық және физикадық күш 
жұмсауды қажет етеді, бала кінәмшіл болып, жас ерекшелік дағдарысқа 
ұшырайды. Сондықтан біздің міндетіміз – баланы әрекет, таным 
және қарым-қатынас субъектісі етіп қалыптастыруда үлкендердің 
мүмкіндіктерін анықтау және түсіну. Ересектер дегеніміз - кәсіби және 
мақсатты түрде кіші жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың 


44
дамуына ықпал ететін балаға жақын отбасындағы адамдар, мектепке 
дейінгі мекемелердегі мамандар.
Бұл мүмкіндіктер қандай? Педагогикада кулинариядағы сияқты бір 
рецепт болуы мүмкін емес. Біз балалармен жұмыс жасаймыз, олардың 
әрқайсысы өзінше әртүрлі. Олардың барлығы әртүрлі психологиялық, 
педагогикалық, материалдық және тағы да басқа даму жағдайында 
болады. Олармен отбасында және мектепке дейінгі мекемеде жұмыс 
істейтін адамдар да бірдей емес. Дегенмен, жалпы барлығына бірдей 
қолданылатын ұсыныстар бар, оларды жүзеге асыру оқыту, тәрбиелеу 
және дамыту міндеттерін шешуге көмек болады.
Балалардың айналасындағы үлкендер балаға өзара әрекеттестік 
ісінде тең құқылы қатысушы ретінде қараулары тиіс.
Ең бастысы сол, балаға өзіндік жеке тұлға ретінде оның белсенділігін 
басып тастайтындай көзқарас болдырмауды (мысалы, үйді, ұжыммен 
тұратын бөлмені таза ұстауда) түсіну қажет. Сонда бірігіп істеген іс 
нәтижелі болады.
Мектепке дейінгі жастағы баланың өмір сүру объектісі ретіндегі 
қалыптасуына оң әсер ететін ең негізгі фактор, М. И. Лисинаның 
пікірінше, үлкендермен араласу, конструктивті қарым-қатынас жасау.
Ересек адам айналасына бағалаушылықпен қарау көзқарасы арқылы 
балада бағалау әрекетінің тууына және қалыптасуына ықпал етеді. 
Ересектер ерте жастан бастап-ақ баланың әрекеттерін ұйымдастырады, 
жеке тәжірибе жинақтауын қамтамасыз етеді, іс-әрекет үлгілерін, 
оны дұрыс орындау тәртіптерін көрсетіп береді. Ол құрбыларымен 
бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастырады, қарым-қатынастың әртүрлі 
жағдаяттарында өзін қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Үлкендердің 
функциясы баланың сабақ, ойын, еңбек үстінде өздігінен, шығармашыл 
белсенділігін арттыру, оған қажетті мөлшерлі көмек көрсету.
Баланың өмір сүру субъектісі болып қалыптасуында мектеп жасы-
на дейінгі балаға үлкендердің көзқарасы маңызды. Бүгінде тәрбиелеу 
практикасында мұндай көзқарастардың бірқатары қарастырылады.
Баланың жетістіктеріне назар аудармаушылық байқалады, олар 
үлкендерге аса маңызды емес сияқты болып көрінеді. Соның салдары-
нан қолдау таппағандықтан, оң бағалауды күтпестен өзіне назар аудар-
ту үшін теріс әрекеттер жасай бастайды.
Баланың ісін үлкендердің жете бағаламауы әдепсіздікке әкеледі – 
үлкен адам баланың әрекетін үзеді, оның жоспарын бұзады. Бұл бала 
тарапынан қарсылық көрсетуге әкеліп соғады, балада бастаған ісін 
аяқтау сияқты білік қалыптаспайды, бұл өз кезегінде істің құндылығы 


45
мен мағынасын төмендетеді, баланың ынтасын тежейді. Үлкеннің 
мұндай әрекеті балада дәрменсіздік комплексін қалыптастырады – 
оның ісін қызықсыз және біртекті күйге келтіреді, өзіндік әрекет пен 
ынталылық көрсетпейді. Мектеп жасына дейінгі балаға біртіндеп тәртіп 
процестерін орындату арқылы іске асыруға мүмкіндік беру қажет.
Бақылаусыздық және немқұрайлы көзқарас - ерте және мектеп-
ке дейінгі жаста немқұрайлылыққа төзбейді және қалай да болса 
ересектердін назарын аударуға тырысады. Осылай ересектердің ұзақ 
уақыт бойғы немқұрайлылығының салдары баланың теріс әрекеттер 
жасауына әкеліп соғады, ол әртүрлі қарсылықтар білдіріп, сол сияқты 
айналасындағыларға ашық түрде ынтасыздық көрсетеді. Осының 
бәрі баланың толыққанды дамуына, оң әрекеттерінің, психикалық 
процестердің қалыптасуына ықпал етпейді.
Балалардың жағымсыз істеріне, білмегендіктеріне «үлкендер 
қатал» талаптар қояды да, жағымды жақтары аталмайды, сол күйінде 
қабылданады. Мұндай жағдайда балалар өздерінің кемшіліктері үшін 
үнемі теріс баға алады, басқа балалармен салыстыру объектісіне айнала-
ды. Соның салдарынан балалар өздерін жете бағаламайды (тіпті төмен 
бағалайды). Теріс баға баланың ынтасын, белсенділігін төмендетіп, 
кемшіліктері үшін қорқумен шектеледі.
«Қуанған үлкен адамдардың көзқарасы» - жетістіктерді, жағымды 
жақтарды мадақтайды, болымсыз жетістіктерді де атап отырады. 
Балалар үлкендердің немесе құрбыларының жағымсыз бағасына мән 
бермейді, өздерін өздері көтермелеп бағалайды. Оның сәйкессіздігін 
түсіну белгілі бір жас кезеңінде келіспеушілікке себеп болады, ал ол 
ішкі және сыртқы жағымсыз көрініс береді. 
«Әділетті ересек адамдардың көзқарасы» - жетістікті де, кемшілікті 
де бірдей байқайды, соған сәйкес бағалайды. Балалар мақтағанды да, 
ескертпелерді де оңай ажыратады. Олар өздеріне өздері сенімді бола-
ды, өздерін өздері бағалауы да үйлеседі. Ересектердің әділетті бағалауы 
баланың саналы тәртіптілігін, өзіне-өзі сенімін дамытады.
Ересектердің субъект-субъективтік көзқарасы балаға өзіндік, 
шығармашыл әрекеттің бастаушысы, өзіндік ерекшелігі бар
қайталанбас бірегей жеке тұлға ретінде, тіпті әзірге тұрақты емес, 
қалыптасып болмаған болса да болмаса даөзіндік мақсаты мен талапта-
ры бар адам ретінде қарауды көздейді, бірақ ары қарай дамытуды шек-
темей керек екендігін ескерген жөн.
Баланың әрекетін, қылықтарын оң бағалау оны дамытудың, 
белсенділігін арттырудың басты факторы екендігін білеміз. Үлкендердің 


46
мадақтауы – өсіп келе жатқан тұлғаның өзіндік санасын дамытудың 
негізгі тәсілдерінің бірі. Оң бағалау белсенділікті арттырады, теріс 
бағалау – мектепке дейінгі жаста ынтасының артуына, өздігінен әрекет 
жасауға ұмтылдырады. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға 
ескерту жасауды, теріс бағалауды пайдаланғанда, бала емес, оның 
теріс қылығының бағаланатынын естен шығармау қажет: «Сен жаман 
емессің, бірақ сен жаман қылық көрсеттің, ол дұрыс емес, себебі…» 
деп айту керек. Баланың іс-әрекеті мен оның нәтижесін бағалағанда 
алдымен жағымды жақтарын, содан кейін жағымсыз жақтарын айтып, 
оның мүмкіндігіне сенімділікпен аяқтау қажет
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың субъектік қасиеттері 
мен сапаларын қалыптастыруды баланы өзара әрекеттестіктің 
тең құқылы қатысушысы ретінде қабылдап, оның мүддесі мен 
сұраныстарын ескере отырып, әрекеті мен қылықтарын объективті 
түрде бағалау арқылы, оның белсенділігін арттыру және дамыту үшін 
қажетті жағдайларды ұйымдастыру арқылы ерте жастан бастау керек. 
Бұл жол үлкендерден шеберлікті, шыдамдылықты, өсіп келе жатқан 
адамға және оның ұдайы жетілуіне деген қамқорлық пен сыйластықты 
талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет