Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


«Ойын» ұғымының мазмұны. Педагогика және психология



Pdf көрінісі
бет73/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128
7.1 «Ойын» ұғымының мазмұны. Педагогика және психология 
саласында балалар ойынын зерттеушілер. Балалар ойынының 
пайда болуы
Ойын – күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің 
соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі, - деп көрсетеді 
адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген зерттеушілер (Н. П. 
Аникеева, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин және т.б.).
Ойын дегеніміз не? «Ойын», «ойын әрекеті» ұғымдарының 
мазмұнына анықтама өте көп.
Орыс тілі сөздігінде «ойын» сөзі «белгілі бір ережелер, тәсілдер 
жиынымен және бос уақытты өткізу, көңіл сергіту үшін жүргізілетін 
іс-әрекет» деп анықталған.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыда «ойын» дегеніміз не? 
Педагогикалық энциклопедияда «Ойын – үлкендердің істерін, олардың 
арасындағы қарым-қатынастарын қайталайтын балардың іс-әрекетінің 
бір түрі… дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбие құралдарының бірі» 
деп анықтама берілген.
Ойын өзін-өзі басқаруда қоғамдық тәжірибені меңгеру ситуацияла-
ры жағдайындағы іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады.


115
Ерте уақыттан бері ойын адам өмірінің маңызды бөлігі болып сана-
лады. Ойынның шығу тарихы осы бағыттағы басты мәселелердің бірі.
Зигмунд Фрейд өзінің психоаналитикалық теориясында ойынға 
көзқарасты биологиялық себептерге (инстинкт, қызығу) байланысты, 
яғни тұрақты, тарихтан тыс сипаттағы іс-әрекетке көзқарас ретінде 
көрсетеді. Оның теориясының қандай да бір дәрежеде көптеген
психологтарға (Коффка К., Левин К., Пиаже Ж. және т.б.) ықпалы бол-
ды. Ол қазір де жеткілікті түрде кеңінен тараған. Т. А. Куликованың 
пікірінше, мұндай көзқарастардың жарамсыздығын бала ойында-
ры дәлелдейді, олар өздерінің мазмұндары бойынша тарихи дәуірге 
ғана тәуелді емес, бір дәуірде өмір сүретін, бірақ әртүрлі мәдени, 
экономикалық, географиялық жағдайларда тұратын адамдарға да бай-
ланысты.
ХХ ғасырдың басында зерттеушілерде адамзат тарихында алғашқы 
болатын – еңбек пе немесе ойын ба? - деген сұрақты шешуде ортақ 
пікір болған жоқ. Ойын еңбектен бұрын пайда болған деген болжам-
дар айтылды. Ең алғаш бұған қарама-қарсы пікірмен, яғни «ойын – бұл 
бала еңбегі» деген пікірді неміс психологы және философы В. Вундт, ал 
кейіннен бұл көзқарасты орыс философы Г. В. Плеханов «Мекенжайсыз 
хат» деген жұмысында ары қарай дамытты. Ол балалар ойынын өнердің 
пайда болуын қарастыра отырып зерттеді. Әр халықтың ойындарының 
мазмұнын талдау (негізінен ерте дүниенің) оған ойын адамзат тарихын-
да өнер сияқты еңбектен кейін және соның негізінде пайда болғандығы 
туралы тоқтамға келуіне мүмкіндік берді. Ойында адамдардың еңбек іс-
әрекеті көрініс табады. Еңбек ету процесінде кездескен іс-әрекеттерден 
алған сезімдерін қайталауға деген ынта ерте дүние адамдарын салт-
дәстүр ойындарына, биге, әнге алып келді. Сонымен, Г. В. Плеханов 
ойынның көпғасырлық тарихы бар және еңбектің негізінде алғашқы 
қоғамда пайда болған деген қорытындыға келеді.
Жеке адам өмірінде ойын, Г. В. Плехановтың пікірінше, еңбектен 
бұрын болды. Мұнда ойынның әлеуметтік орны бар: ол «мәдени 
мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал» болып саналады, бала-
ларды еңбекке дайындайды.
Г. В. Плехановтың ойлары жаңа буын ғалымдардың еңбектерінде 
дамытылды, оларды толғандырған мәселе: бала өмірінде оның 
келешектегі еңбек іс-әрекетке дайындайтындай ойын іс-әрекеті әрқашан 
да болды ма?
Д. Б. Эльконин рөлдік ойындардың тарихи пайда болуы мен оның 
дамуы туралы болжам жасады. Ол адамзат өмір сүре бастағанда ба-


116
лалар ойыны болған жоқ. Еңбектің және оған қажетті құралдардың
қарапайымдылығынан балалар үлкендердің жұмысына өте ерте арала-
са бастады (жеміс, шөптің тамырларын жинау, балық аулау және т.б.).
Еңбек құралдарының күрделенуі, аң аулауға, малшылыққа, жер 
өңдеуге көшу баланың қоғамдағы жағдайының өзгеруіне алып келді: ол 
енді үлкендердің жұмысына тікелей араласа алмады, өйткені оған білім, 
білік, және т.с.с. қажет болды. Үлкендер балаларды еңбек әрекетінде 
жаттықтыру үшін ойыншықтар дайындай бастады (садақ, найза, арқан 
және т.б.). Ойын-жаттығулар пайда болды, олармен ойнау барысын-
да бала қажетті еңбек құралдарын пайдалануға дағдыланды, өйткені 
ойыншық солардың моделі болды.
Д. Б. Эльконин әртүрлі кәсіпорындарының пайда болуымен, техни-
ка мен күрделі еңбек құралдарының дамуына байланысты ойыншықтар 
олардың моделі болудан қала бастады деп атап көрсетеді. Олар функ-
цияларымен емес, сыртынан ғана еңбек құралы сияқты болды. Басқаша 
айтқанда, ойыншықтар еңбек құралының бейнесі сияқты болды. 
Мұндай ойыншықтармен еңбек ісінде жаттығуға болмайтын болды, 
бірақ оларды бейнелеуге болады. Рөлдік ойындар пайда болды, одан 
кішкене балаға тән қанағаттанғандық алады, үлкендердің өміріне бел-
сене қатысуға ұмтылады. Шынайы өмірде мұндай араласу мүмкін 
болмағандықтан, бала қиялындағы ситуацияда үлкендердің амалда-
рын жүріс-тұрысын, өзара қарым-қатынасын қайталайды. Яғни, рөлдік 
ойын ішкі, туа біткен инстинктің әсерінен емес, қоғамдағы бала өмірінің 
толығымен анықталған әлеуметтік жағдайларының нәтижесінде бо-
лады. Үлкендер өз кезегінде арнайы жасалған ойыншықтардың, 
ережелердің, ойын техникаларының көмегімен балалар ойынының та-
ралуына ықпал етеді, олар ойынды қоғам мәдениетінің бір бөлігіне ай-
налдыра отырып ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.
Сонымен, ойын туралы заманауи психологиялық-педагогикалық 
ғылыми көзқарастар тарихи шығу тегіне, әлеуметтік табиғатына, адам-
зат қоғамындағы мазмұны мен атқаратын міндетіне негізделеді.
Психологтардың (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. 
Рубинштейн, Д. Б. Эльконин және т.б.); педагогтардың (М. Я. Басов, 
Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский және т.б.) зерттеулері 
ойын өзінің мотивтеріне, шығу тегіне, мазмұнына, құрылымына, функ-
цияларына қарай әлеуметтік екендігін көрсетті.
К. Д. Ушинский өзінің «Адам тәрбие пәні ретінде» деген еңбегінде 
ойынды «өзін қоршаған айналасындағы дүниенің барлық күрделілігіне 
кірудің бала үшін шамасы келетіндей тәсіл» деп анықтама берген. 


117
Оның пікірінше, балалар ойындары қоршаған әлеуметтік ортаны 
бейнелейді.
А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің зерттеулері көрсеткендей, 
мектеп жасына дейінгі кезеңнің барлық уақытында ойынды дамыту ой-
ыннан шынайылық, үлкендердің ісін қайталау, рөлдік ойнау, адамдар 
арасындағы қарым-қатынастың көрінісі бағытында жүреді. Сонымен, 
ойын арнайы жасалған жағдайда адамдардың өзара қарым-қатынасын 
анықтау және модельдеу құралы болады, яғни әлеуметтік тәжірибені 
меңгеруге қызмет ете бастайды.
Авторлардың пікірінше, балар ойынының мазмұны оны қоршаған 
шынайы ортаның бейнесі – үлкендердің кәсіби іс-әрекеті, олардың 
өзара қарым-қатынасы, балаларға көзқарасы және т.с.с. болып табыла-
ды. Д. Б. Эльконин ойында «тікелей утилитарлы іс-әрекет жағдайынан 
тыс адамдар арасында әлеуметтік қатынастар жасалады» деп жазды. 
Ойын, зерттеушілер атап көрсеткендей, шынайы өмірді бейнелеу 
жағынан да және оны жүзеге асыру тәсілдері жағынан да әлеуметті. 
Ойын әрекетін, В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, Н. А. Короткова, Н. 
Я. Михайленко, Д. В. Менджерицкая тұжырымдарына сәйкес, бала 
жасамайды, үлкендердің көрсетуімен болады, олар баланы ойнауға 
үйретеді, ойын амалдарының қоғамда қалыптасқан тәсілдерімен та-
ныстырады. Үлкендермен қарым-қатынаста әртүрлі ойындардың 
техникасын меңгеру арқылы, бала ойын тәсілдерін түсініп басқа 
жағдаяттары қолданады. Ойын қозғалыс әрекеті, ол баланың өзіндік 
шығармашылық түріне айналады, ал бұл оның дамуы үшін тиімді се-
беп болады.
Сонымен, ойынның мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-
әрекеті ретінде баланың психикалық дамуында өте үлкен маңызы 
бар. Ойын әрқашан педагогтар мен психологтардың назарынан тыс 
қалған емес. Балалар ойыны саласындағы көрнекті психологтар, тео-
ретиктер Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. 
Эльконин. Педагогикада ойын теориясын белсенді түрде қарастырған 
К. Д. Ушинский, Р. И. Жуковская, Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткова, 
С. А. Шмакова және т.б. Түрлі ойындардың маңызы мен оларды да-
мыту жолдарын қарастырған В. Н. Аванесова, Н. В. Артемова, З. М. 
Богуславская, Н. Я. Михайленко, Е. Н. Радина, И. Сорокина және т.б. 
Көркем өнерге тәрбиедеудегі ойынның маңызын Н. А. Ветлугина, Н. П. 
Сакулина және т.б. зерттеген. Шетелдік психология мен педагогикада 
ойынның ерекшеліктерін Э. Берн, Д. Дьюи, Ж. Пиаже, З. Фрейд, Э. 
Фромм, И. Хейнзорге өз еңбектеріне арқау еткен. Олардың еңбектерінде 


118
әрекет ретінде ойынның мәнін, тұлға онтогенезіндегі оның рөлін
әлеуметтендіру процесінде – адамның қоғамдық тәжірибені меңгеру 
және пайдалану орнын түсінудің түрлі тұжырымдамалары баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет